Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

25.05.2020 жылы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң қабылданды.
Аталған Заң Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізу құқығын іске асыруға бағытталған.
Заңда бейбіт жиналыстарды өткізудің хабарламалық және регламенттелген тәртібі көзделген.
Бірінші жағдайда жиналыстарды, митингілер мен пикеттерді ұйымдастырушы өткізілетін күніне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей олардың өткізілетіні туралы жергілікті атқарушы органды алдын ала хабардар ету көзделген, ал демонстрация мен шеру өткізу үшін іс-шараны ұйымдастырушы өтініштер өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оларды жіберуге тиіс.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілі болмаған кезде бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу зорлық-зомбылықсыз сипаттағы, заңдылық, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қатысу еріктілігі, бейбіт жиналыстарды өткізу пайдасына презумпция, тараптардың жауапкершілігі қағидаттарына негізделуі тиіс.
Соңғы жылдары интернет кеңістігінде азаматтарды хабарламалар мен бейнероликтерді тарату арқылы заңсыз акцияларға қатысуға шақыру жиілеп, азаматтарды заңды бұзуға итермелейтіні құпия емес.
Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы заңдарды бұзу, оны ұйымдастырушылардың және қатысушылардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 488 — бабымен әкімшілік жауапкершілікке және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 400 — бабымен қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты Алматы облысының прокуратурасы қолданыстағы, соның ішінде Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Алматы облысының прокуратурасы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments