Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетДін және қоғам«Қазіргі заманғы діни ахуал және зайырлы мемлекеттің қағидалары»

«Қазіргі заманғы діни ахуал және зайырлы мемлекеттің қағидалары»

Еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қаты­нас, конфессиялар арасындағы өзара әре­кет­тестік, азаматтардың ар-ождан бос­тан­дығының деңгейі, дін саласын рет­тей­тін қолданыстағы заңнама талап­та­ры­ның сақ­талуы, азаматтардың дін саласындағы сая­сатқа қатынасы мен дін саласындағы ахуалды бағалауы сияқты көп қатпарлы өлшемдердің нәтижесінен құра­лады.

Қоғамдық санада дін позицияларының күшеюі, негізінен оңды бағалануда. Алайда дәстүрлі емес діни табынулардың пайда болуын жұртшылық пен мемлекеттік органдардың көпшілігі ұлттық рухани мәдениетке нұқсан келтіру ретінде қабылдады.

Қазақстанның діни бірлестіктері ішкі саяси тұрақтылықтың, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға орасан үлес қосуда. Бұл бәрінен бұрын Қазақстанның ең ірі діни конфессиялары – Мұсылмандардың діни басқармасы мен Орыс праволавие шіркеуіне қатысты. Олар жалпыадамзаттық құндылықтар мен гуманистік мұраттардың ақиқаттығын насихаттай отырып, оңды рухани-адамгершілік міндеттерді орындауда.

Қазірде еліміздегі діни ахуал әрбір саналы азаматты алаңдатады. Осыған байланысты күнделікті қоғамдық қатынастарда діни ұстанымның ерекшеліктері мен әртүрлі қырлары жарыққа шығып жатыр. Дінді ұстанушылардың қатары молайған сайын қоғамдық ортада жағымды-жағымсыз пікірлер туындап, қарама-қайшылықтар, отбасылық өмірдегі кикілжіңдер, діни түсініктердегі алшақтықтар белең алуда. Егер, әлем елдеріндегі осы діни ұстаным мен қарым-қатынастарға байланысты қайшылықтарды назарға алар болсақ, діни алауыздық пен бөлінушіліктің зардабы орасан болатындығына көз жеткізуге болады.

Халықаралық қоғамдастық­та зайырлылық ұғымына қатысты түрлі түсінік бар. Бұл өз кезегінде мем­лекет пен дін арасындағы қарым-қатынастың ортақ сипа­тын танытатын нақты үлгінің жоқ­тығын білдірсе керек. Десек те, кейбір елдерде «зайырлы­лық діни мем­лекеттің қарама-қарсы піші­мі» деген мазмұн­дағы ұғым қа­лыптасқан. Осы орай­да «зайырлы» атауын түсіну­де, зайырлы елдің болмысын сөз еткен­де біртекті пікір­дің орнық­пағаны аңғарылады.

Негізінде зайырлы мемлекет­тер дінді мемлекеттен бөлу идея­сын ұстанатыны белгілі. Бұл мәсе­леге қатысты сөз қозға­ған­да за­йырлылық қағида­ты бо­йынша діни догманы мемле­кет заңдарынан алыстату көзде­летініне, бірақ дін­ді қоғам­нан бөліп тастау қарас­ты­рыл­май­тынына, оның діни бос­т­ан­дық­ты айқындайтынына мән берілуі тиіс. Дегенмен кей­біреулер зайыр­лылықты атеизм бағыты деп түсінеді. Шын мәнінде атеизм дінге үзілді-кесілді тыйым сал­са, зайырлылық дінді ұстану, ұстан­бауда таңдау құқығын бере­тінін ескерген абзал.

Дін қоғамды сауықтыруда, адами қарым-қатынастарды рет­теуде, бейбітшілікке үндеуде, отба­сы­лық құндылықтарды ны­ғай­ту­да және басқа да мәселе­лер­де негізгі идеологиялық құрал­дардың бірегейі. Сондықтан əрбір мемлекет өзінің дінмен қа­рым-қатынас орнатудың тиімді мо­делін құруға мүдделілік таны­тады.

Қазіргі таңда мемлекет пен дін арасындағы үйлесімді байланыс, орнықты қарым-қатынас қоғамымызда татулық пен тыныштықтың сақталуына, рухани және мәдени тұрғыда дамуымызға, радикализмнен қорғануымызға өзіндік оң ықпалын тигізіп отырғанын айта кеткеніміз жөн. Бұл өз кезегінде мемлекетіміздің халық талабы негізінде азаматтардың ар-ождан бостандығын қорғай отырып, Конституциямызға сәйкес зайырлылық қағидаттарының оңтайлы үлгісін ұсына білгенін ұқтырады.

Әдетбеков Нұрлан Байғожаұлы

Дін саласындағы мәселелерді зерттеу

орталығының директоры

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments