Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

Қарасай ауданында үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін 20 мың оқушыға арналған 10 мектеп салынады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов айтты. Брифингте баяндама жасаған әкім қазіргі таңда үш ауысымды мектептер аудандағы білім саласында ең өзекті мәселелердің бірі екенін, бүгінде оқушылар үш ауысымда оқитын мектептер саны 12-ден 11-ге азайғанын айтты.

«Бұл мәселені шешу мақсатында ауданда 5 жаңа мектеп және 3 мектепке жапсаржай құрылысы жүргізілуде, биыл ақпан айының басында Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясының 600 орындық жапсаржайы салтанатты түрде қолданысқа беріліп, мектептегі орын тапшылығы мәспелесі шешімін тапты. Қалған мектептердің құрылысы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі», – деді аудан әкімі.

«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында осы жылдан бастап аудан бойынша 7 мектептің құрылысы басталады деп жоспарланған, қазіргі таңда құрылысқа қажетті жер телімдері рәсімделді, құрылыс жұмыстарына 12,8 млрд. теңге бөлінді. Жасұлан Естеновтің айтуынша, аталған жобалар іске асырылса, ауданда үш ауысымда оқитын мектеп болмайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments