Пятница, 26 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚарақыстақтағы аң атаулыны қытайлық умен қырып тастаған

Қарақыстақтағы аң атаулыны қытайлық умен қырып тастаған

Тышқанға беретін умен малшылар қасқыр, түлкіні қырып тастаған. Алматы облысының Қарақыстақ ауылында қорықшылар тауда жабайы аңның қалмағанын айтады. Уланған өлексені жеген бүркіттер де шетінен қырылып жатыр.
Тышқанға беретін умен малшылар қасқыр, түлкіні қырып тастаған. Алматы облысының Қарақыстақ ауылында қорықшылар тауда жабайы аңның қалмағанын айтады. Уланған өлексені жеген бүркіттер де шетінен қырылып жатыр.

Атырауда қызылша ауруы шыққан мектептегі екі сынып карантинге жабылды Көшеге шығудан қалған семейліктер бұралқы иттердің көзін жоюды талап етті Көкшетауда зират маңынан адамның сүйектері табылды Бұл жалғаса берсе, аң-құс түгел қырылады деп алаңдаған жергілікті тұрғындар бір шара қолдануды сұрайды. Күмәнді препарат «қасқырды сеспей қатырады» деп, дәріханаларда ашық сатылып жатыр.

Сеспей қаты, серейіп жатқан түлкіні бертінде қорықшылар тапты. Ал мынау қойдың өлексесі. Аң шаруашылығының инспекторы Естеу бұл адам қолымен жасалған зауал дейді. Тауда түлігін баққан малшылар тышқанды өлтіретін уды өлексеге қосатын көрінеді. Иіске секемшіл қасқырдың мұрны жемтіктің уланғанын сезбей де қалады екен.

Естеу Болатбекұлы, аң шаруашылығының қорықшысы: — Тышқанның уы деп айтады дейді. Бірақ нақты қайсы екенін білмеймін, өзім пайдаланбағаннан кейін әріберіден кейін айтпайды маған, қорықшы болғаннан кейін, содан ол қасқыр өледі екен де, суға жеткені өзенде өледі екен. Оны шоқыған сауысқан, қарға, таз қара қырылып қалды, грифт дейді ғой, оның бәрі жоғалып кетті. Оның артынан түлкі жоқ боп кетті, бірін-бірі өлтіре береді екен. Қарақыстақтың жазығында қара пакеттен басқа аң-құс қалмағандай. Қасқырдан бөлек, өлексені жеген бүркіттер де шетінен мұрттай ұшып жатыр екен. Бұлай жалғаса берсе, экология тепе-теңдігі бұзыла ма деген қауіп бар. Қасқырлардың шекарасы болатынын кәнігі аңшылардың бәрі біледі. Жергілікті қорықшылардың айтуынша, осыдан үш жыл бұрын Суықтөбе мен Май төбе тауының арасында жортып жүрген 40-тан астам ит-құс болған. Содан бері бәрі жаппай қырылған. Соңғы екі қасқыр осы қыста жоғалған. Саятшылық бұл ауылдың енді сәні емес, сағым сағынышы болуы мүмкін. Баптаған тазының алатын түлкісі қалмаған. Жазда үдере таудағы жайлауға көшетін малшылар улауын тыймаса, тірі жәндік жүрмейтін күнге жетеміз деп тұрғындар шырылдайды.

Бақытжан Медетбек, Қарақыстақ ауылының тұрғыны: — Өткенде бүркіттің өлексесін тауып алдым. Бүркіт те өлексеге тиді ғой, мүмкін содан өлген. Түлкі көруге зар болып қалдық. Ауылда жігіттер бар, атқа мініп шығады, тазылары бар. Қазір, мысалы, қоян жоқ, біздің ауылда. Ұстайтың аң жоқ. Сонымен амал жоқ, қазір балалар тазыларын қайтадан құртып жатыр. Шу болған қытайлық препаратты аудан орталығы Ұзынағаштан қиналмай таптық.

“Қасқыр өлтіреді” деп ветеринарлық дәріханада ашық сатып жатыр. — Қасқыр өлтіретін ғой, өзі де. Мен айтып берем балам, былай тұр. Өлген тауық, пауықтар бола ма, соның санпандарына сал да, тастай салсаң болды. Бір қасқырға мөлшері үшеу кетеді. Қытайлық дәрі. Сөзге қосыла кеткен жігіт ағасы қалай улау керектігін тәптіштеп түсіндірді. Қорабы сары, ішінде қызыл сұйықтығы бар удың құны 400 теңге. Не қазақ, не ағылшын тілінде жазуы жоқ. Таза қытайша. Жарнамасы жарып тұр. Қасқырдан бөлек кез келген жануарды өлтіруге болады деп сатушы сайрай жөнелді. Аң-құстың жаппай қырылып жатқанын аудан әкімдігі қорықшылардан бүгін естіді. Жайлауға көшер алдында шаруа қожалық басшыларымен түсіндіру жұмысын жүргізбек. Ал дәріхана, базарда заңсыз ашық сатылып жатқан қытай уына қатысты тексеріс жүргіземіз деп сендірді. Ақниет Туматаев, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары: — Ветеринарлық дәріханаларда  еркін сатылып отырған бұл дәрілердің шығу тарихы туралы, олардың сатылуға рұқсат, рұқсат еместігі туралы да ветеринарлық инспекцияда хат жолданатын болады. Соған сәйкес тексеру жүргіземіз. “Қасқыр қас болғанмен,табиғат санитарының түбегейлі көзін құрту – қастандық” деген ауыл халқы бұл мәселеге немқұрай қарамай, бір шешімі табылғанын қалайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments