Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚонаевта триатлоннан республикалық чемпионат өтті

Қонаевта триатлоннан республикалық чемпионат өтті

Қонаев қаласында триатлоннан Қазақстан чемпионаты және әуесқой спортшылар арасында «Темір Адам Кубогы» өтті. Чемпионат «спринт» қашықтығы бойынша, «Elite» (23 жастан жоғары) және «U19» (16-19 жас аралығында) санаттары бойынша ұйымдастырылды.

Жарысқа 250 атлет қатысты. Бұл додада спортшылар 3 кезеңде бақ сынасты. Алдымен олар Қапшағай су қоймасында 750 метр қашықтықты жүзіп өтсе, кейіннен 20 шақырымдық веложарыс өтті. Ал 3-кезеңде атлеттер 5 шақырымға жүгірді.

«Темір Адам Кубогы» үшін ойын ережелері өзгертілген. Мұнда әуесқойлар 1500 метрге жүзді, велосипедпен 40 шақырым, жүгіріп 10 шақырымды бағындырды.

«U19» санатында қыздар арасында Ева Пинчук жеңіске жетті. Астаналық қыз бұл спорт түрімен бес жылдан астам уақыт айналысып келеді. Ал ерлер арасында Елмұрат Қанай (Алматы), Әли Жанат (Астана), Нұрасыл Халтаев (Түркістан облысы) жеңіске жетті.

«Elite» санатында әйелдер арасында астаналық Надежда Бекмағанбетова бірінші болып келді. 2-орынды шымкенттік Арина Шульгина, 3-орынды Қостанай облысының тумасы Юлия Озерова иеленді. Сондай-ақ ерлер арасында Ақтөбе облысының спортшысы Дарын Қонысбаев 1-орынға тұрақтаса, 2-орынға алматылық Әнуар Тұрыбаев, 3-орынға астаналық Кирилл Рожков табан тіреді.

Айта кетейік, бұл шара Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments