Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚонаев қаласында көгілдір отынға қосылу ісі баяу жүргізіліп жатыр

Қонаев қаласында көгілдір отынға қосылу ісі баяу жүргізіліп жатыр

  1. Өңірлік коммуникация ақпарат алаңында Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев шаһарға қарасты ауылдарға газ тарту жұмыстары неліктен бәсеңдеп қалғанын түсіндірді.
    Қала әкімінің айтуынша, Шеңгелді ауылына көгілдір отын жүйесін енгізу ісі тағы 2 жылға шегерілді. Себебі, қазіргі кезде аймақта өзге де ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
    Мұнымен қоса, қаладағы көпқабатты үйлердің тұрғындары пәтерлерге газ кіргізуді бірауыздан қолдамаған. Сондықтан қиындық туған. Десе де, қазіргі таңда бұл мәселе толықтай шешілген.
    Еске сала кетсек, облыс орталығына көгілдір отынды тарту жұмысымен «Қонаев аймағының газ жүйелері» серіктестігі айналысады. Әкімдікпен екі жақты келісім негізінде компания биылғы жылдың аяғына дейін қаладағы барлық көпқабатты тұрғын үйлерді газға қоспақ. Ол үшін әр пәтер иесі тек 94 800 тг ақша төлейді.
    «Қаладағы шағын аудандарға газ тарту үшін жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге 1 жыл уақыт кеткен. Биыл ықшам аудандар мен Арна, Заречный ауылдарын газға қосу басталады. Жеке сектордың газға қосылу құны 350 мың теңге», -дейді Нұрлан Орынбасарұлы.
    Айта кетейік, Қарлығаш ықшам ауданында автоматтандырылған газ тарту станциясы бар. Оның қуаттылығы 50 мың шаршы. Бұдан бөлек, Заречный ауылындағы орталық қазандықтың қуатын арттыру және газға ауыстыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге биыл 9,9 млн теңге бөлінген.
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments