Понедельник, 24 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөнінде

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөнінде

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Алматы облысы бойынша дауыс берудің нәтижесі бойынша  185 депутаттың 154-і Жанболат Жөргенбаевқа дауыс беріп, кандидат Парламент Сенатының депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша ең көп дауысқа ие болды.

«Өңірдің жергілікті өзін-өзі басқару саласының дамуына елеулі үлес қосып келесіз. Өзіңізге артылған аманатты үлкен жауапкершілікпен атқарасыз. Алматы облысы депутаттарының атынан халық көңілінен шығатын абыройлы депутаттық қызмет тілейміз», – деді облыстық мәслихат хатшысы Дәулет Жарасбаев.

Айта кетейік, кандидат 1960 жылы 26 қазанда Кеген ауданы Қарқара ауылында туған. Ұлты – қазақ. Екі ЖОО-нын тәмамдаған. Парламент Сенатының депутаттығына Кеген және Жамбыл ауданының атынан ұсынылды.

Сайлаушылардың 24-і Нұрлан Ертасқа, 7 депутат барлық кандидатқа қарсы дауыс берді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments