Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына оқуға қажетті құжаттарды тапсыру жалғасуда

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына оқуға қажетті құжаттарды тапсыру жалғасуда

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қажетті құжаттарды тапсыру 29 маусымға дейін жалғасады. Мұндай мүмкіндік грантқа түсе алатын мемлекеттік қызметшілерге беріледі. Биыл магистратураға 120, доктарантураға 12 орын бөлінген. Сонымен қатар квазимемлекеттік сектор мен бизнес қызметкерлер оқуға ақылы негізде түсе алады. Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Злобин бөлісті.

Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл еңбек өтілі бойынша шектеулер өзгерді. Мәселен, өткен жылы доктарантураға 3 жыл еңбек өтілі талап етілсе, биылдан бастап ол 5 жылдан асу керек.
«29 маусымға дейін ҚР Жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Биыл бізге жалпы саны 50 өтініш түскен, оның ішінен іріктелген 25 өтініш қалды. Конкурстың бірінші кезеңі аналитикалық эссе жазу үшін 5 шілдеден 14 шілдеге дейінгі кезең қарастырылған. Қорытынды кезең – сұхбаттасу, 17 шілде мен 4 тамыз аралығында Академияда офлайн форматта өтеді. Ал 7 тамызла аралық қорытынды шығып, алдын ала қабылданған үміткерлер тізімі жарияланады. 14 тамызда келісімшарттарға қол қойылғаннан кейін оқуға қабылдау туралы бұйрық шығады», – деді Бақыт Николаевич.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments