Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетӨзге айдарларҰстазым менің, ұстазым...

Ұстазым менің, ұстазым…

Ұстаз ұлы ұғым. Ұстазы жоқтың ұстанымы жоқ дейді қазақта. Біз ұстаздардың алдында мәңгілік қарыздармыз! Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған сәттен бастап олар бізге қолымызға қалам ұстатып, әліппемен таныстырып, жазу-сызуды үйретті. Соның арқасында хат жазып, өзге тілдерді де меңгердік. Бұл әрине ұстаздар қауымының тынбай еткен еңбегінің арқасы деп білеміз. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған біз араға он жыл салып таудай болып ұясынан түлеп ұшқан балапандай арман қуып үлкен қалаларға оқуға аттандық. Оқуға аттанып шетте жүрсек те ұстаздарымызды бір сәтке де ұмытқан жоқпыз. Себебі әкем: «Балам, сен қанша есейіп етек-жеңіңді жиып, өз алдыңа ел болып, мансапты болып кетсек де ұстаздың алдында мәңгілік қарыздар екеніңді ұмытпа.  Ұстазға өз ата-анаға көрсеткен жақсылықты көрсете біл. Сен емес менің өзім осы күнге дейін маған білім үйреткен ұстазымды ардақ тұтамын!»,-деп отыратын үнемі. Әкемнің осы бір аталы сөзі маған сабақ болып қалды. Соны өзіме міндет тұтып ауылыма барған сайын мектепте тәлім берген ұстаздарыма барып амандасып, қалын сұрауды әдетке айналдырдым.

  Өзім Жамбыл аулының тұрғыны болғандықтан ақын атамыздың  атындағы орта мектептің ұстаздарына үлкен рахметімді айтқым келеді. Ол кісілердің берген білімі мен тәрбиесінің арқасында талай жетістіктерге жетіп отырмыз.

Олардың еңбегі ұшан теңіз.

  Құрметті  Жамбыл атындағы орта мектебінің ұстаздары, сіздердің берген әрбір білімдеріңіз менің бойыма жерге сепкен бидайдай егілді. Әрбір берген тәлім-тәрбиелеріңіз, айтқан ақылдарыңыз бойыма сіңіп, үлкен өмірдің есігін қорықпай, тік басымды көтеріп аштым. Қазіргі қиын уақытта, балаларыма онлайн сабақ кезінде көмектесіп, ешкімнің көменгінсіз, түсіндіре алдым. Балаларымды ұстаздары мақтаған сәтте, алдыларында бір марқайып қаламын. Көп жетістіктерімнің жемістерін көріп, бақытты екенімді сездім. Әрине менімен  көп ата-аналар келіседі деген ойдамын. Онлайн білім алуды, өз басым қолдамаймын. Бірақ осындай қиыншылықтан, барлығымыз бірігіп, ұстаздарымыздың жанында, қолымыздан келгенше көмектесеміз. Үлкен өмір есігін ашып, барлық адамзат жан-жақта жүргеннің өзінде барлығымызды мектептің өмірі біріктіреді. Мектеп—кеме, білім—теңіз дейді. Сол теңізде оқушыларыңыздың кемесі әрдайым өрге жүзсін демекпін! «Білім—инемен құдық қазғандай»,-деген мақалдың да мәнін осы карантин кезінде шын ұғына түстік. Біздің балаларымызды білім нәрімен сусындырып жүрген сіздерге алғысымыз шексіз! Келер оқу жылында балаларымыз бір партада отырып, дәстүрлі оқуға көшуді Алла өзі нәсіп етсін демекпін!

Торыбаева Еңілік Қыдыралықызы,

2003 жылғы түлектердің атынан.

                                                                                         

                                                                                                                  

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments