Понедельник, 17 июня, 2024
Басты бетUncategorizedӘбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоудағы өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

48 келіге дейінгі салмақта отандасымыз финалда жапон қызы Нацуми Цунодамен кездесті. Үш дүркін әлем чемпионына қарсы белдесуде Әбиба қарсыласына жол берді. Қазақстандық спортшыға көзінің астындағы жарақаты да әсер етті. Медициналық көмекке де жүгінді

Айта кетейік, дзюдошы қазақ қызы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея балуанын ұтқан. Жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Хек Енгті жеңді.

Әбиба Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments