Пятница, 14 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтар«ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН...

«ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Бұл жиынға аудан әкімінің м.а. К. Қабылбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е. Шохаев, аудандық аурухана директоры А. Тлеулиев, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтарының төрағалары, мекеме, ұйым басшылары, мектеп директорлары, медицина қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында аудан тұрғындарын МӘМС жүйесіне тарту мәселелері, халықты сақтандырудың ағымдағы жағдайы, оның ішінде стратегиялық көрсеткіштер, МӘМС-ке түскен арыз-шағымдар және оларды шешу шаралары талқыланды.
Филиал директоры Пазилов С., өз сөзінде Кеген ауданында 25 мыңнан астам халық тұратынын атап өтті. Сақтанбағандардың үлесі 20,7 пайызды құрайды, бұл ауданның 5 мыңнан астам тұрғыны. Сонымен қатар, олардың 75 пайызы соңғы 12 айда төлем жасамаған».
Сақтандыру жарналарын төлеу кезінде Қормен шарт жасасқан кез келген медициналық мекемеге жүгінуге болатынын баса айтқан жөн. Қызметтердің барлық спектрі: дәрігердің қабылдауына жазылу, тексерулер және операциялар – әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен төленеді. Мәселен, бұрын жоғары технологиялық медициналық көмекті барлығы бірдей ала алмаса, қазір міндетті медициналық сақтандыру жүйесі әрбір сақтандырылған азаматқа осындай мүмкіндік беріп отыр.
Жиын барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы К. Қабылбеков мұндай кездесулер нақты жұмысты бағалауға, түйткілді мәселелерді анықтап, дер кезінде жоюға мүмкіндік беретінін жеткізді.
«Отырыста маңызды және өзекті ақпарат айтылды. Біздің ауданда 5 мыңға жуық адам жүйеден тыс қалып отыр. Халықтың осы санатын жүйеге тарту бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасады, өйткені сақтандыру мәртебесі медициналық көмектің кең спектріне қол жеткізуге мүмкіндік береді», — деді К. Қабылбеков.
Одан кейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments