Пятница, 26 апреля, 2024
Басты бетЖамбыл-175 жылӨлең өрісінде - өскелең ұрпақ

Өлең өрісінде — өскелең ұрпақ

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ұлы ақын, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толды. Халық поэзиясы алыбының есімі дүниежүзіне кеңінен мәлім. Ғасыр жасап, екі заманға куә болған ақын Жамбыл өз тағдырын халқымен байланыстырып, оның бар өмірін, биік мұратын, мұң-мүддесін, жырына арқау етті. Дәстүрлі қазақ өлеңін жаңа дәуірдің талап-тілегіне сай жаңартып, жаңғыртты. Ол халық поэзиясы мен жазба әдебиетінің арасындағы алтын көпір іспеттес болды. Ерлікті, елдікті дәріптеген, елінің жоғын жоқтап, әлсіздерді озбырлардың зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты ту еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл өз ғасырында қазақ әдебиетінен көрнекті орнын алды.

Біздің Самсы ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Атыңды ұмытпайды мәңгіге елің» атты әдеби кеш өткізілді. Осынау іс-шара барысында оқушылар ұлы жыраудың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Әдеби кештің негізгі мақсаты – оқушыларды сөз өнерін қадірлеп, қастерлеуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін дамыту, ақын өлеңдерін сүюге баулу, өскелең ұрпақты адамгершілікке, ел өнерінің өрісін ұзартуға тәрбиелеу болатын. Шараны ұйымдастырушылар өздері діттеген мақсаттың үдесінен шықты деген сенімдеміз.

 Арайлым БҰҒЫТОВА, Самсы ауылдық кітапханасының меңгерушісі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments