Воскресенье, 22 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарӨМІРДІҢ АЛҒАШҚЫ МИНУТТАРЫ

ӨМІРДІҢ АЛҒАШҚЫ МИНУТТАРЫ

Нәрестелі болу – әр әйелдің өміріндегі бақытты сәт. Ана болу – жаңа адамға, дәрменсіз кішкентай сәбиге өмір сыйлау деген сөз, ал, шақалақ дүниеге келген кезде алғашқы көмекті көрсететін акушер-гинекологтар екендігі сөзсіз. Босану бөлмесіндегі акушер-гинекологтардың қызметі қарапайым адамға жұмбақ нәрсе сияқты көрінеді, бірақ, дәрігерлер үшін мүлдем өзгеше жағдай. Ал, бұл іске қатысу, бір жағынан ақ халаттылар миссиясының маңызды екендігін растау, ал екіншісі, тәжірибесі мен біліктілігін айқындайтын өмірінің бір бөлігі. Бала туа салысымен акушер оны жылы жаялықпен сүртіп, анасының кеудесіне жатқызады. Бұл сәт бала үшін өте маңызды. Анамен мұндай байланыс нәрестені жылытып қана қоймайды, сонымен қатар, екеуінің арасындағы психологиялық байланысты нығайтады. Ал нәрестенің ағзасы оны қорғайтын жаңа микроорганизмдермен толықтырылады. Содан кейін кіндік кесіліп, нәрестені неонатолог дәрігер қарайды және Апгар шкаласы бойынша денсаулығы бағаланады.
Әрі қарай неонатолог дәрігер нәрестені тексеруді жалғастырады. Қажет болса, оның жоғарғы тыныс жолдарын артық шырыштан босатады. Сонымен қатар, нәрестенің қаншалықты дұрыс қалыптасқанын, ішкі ағзасының дұрыс-бұрыстығын тексереді. Осыдан кейін жаңа туған нәрестені жуып, салмағын өлшеп, білегіне анасының аты-жөні мен туған уақыты жазылған қағаз ілінеді. Содан кейін баланы жөргекке орап, анасының кеудесіне жатқызады. Әдетте бұл уақытта (туылғаннан кейін 10-20 минут ішінде) нәресте тынышталып, ұййықтайды.
Акушерлік қызметтің тарихы жалпы медицина тарихымен тығыз байланысты, дегенмен XVIII ғасырға дейін медицина ғылымының басқа бөлімдеріне қарағанда бұл саланың дамуы баяу болды. Өйткені, немқұрайлылық және надандықпен күрескен еді. Сонымен қатар, акушерлік тек хирургия бөлімі ретінде қарастырылды. Кейін хирургияның дамуымен акушерлік сала да өрледі.
Қазіргі акушерлік-гинекологиялық қызметтің бір мүмкіндігі – кесарь тілігі. Бұл хирургиялық операция табиғи босану кезінде ананың немесе баланың денсаулығына қауіп төндіретін асқыну болған туындаған кезде жасалады.
2023 жылдың 24 наурызы күні Талғар аудандық орталық ауруханасының перзентханасында Матжанова Нұргүл Нұрмұхамедқызы бастаған тәжірибелі хирургтар тобы 2003 жылы туған науқасқа (ТМККК) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде кесарь тілігін жасады. Жетекші хирургқа акушер-гинеколог Талғатова Е.Т., акушер-гинеколог, ҚазҰМУ резиденті Сахметова К.К. ассистент болды. Операциялық бригада құрамына енгендердің қатарында неонотолог-дәрігер Ермекова Ф.К., анестезиолог Рахманберді Б.Ж., анестезиолог Итакова А.К., операциялық медбике Усерова А.А. сынды мықты мамандар бар. Ал, операция бөлмесін мейірбике Жаханова С.Ш. дайындады. Кішкентай қызды Талғар перзентханасының осы құрамы күтіп алды. Операция жоспардағыдай өтіп, анасы мен қызы қазір босанудан кейінгі бөлімде жатыр.
Медицинаның дамуының арқасында босану жеңілдеді және жағымды болмаса да, ыңғайлы процеске айналды. Босанатын әйелдер үшін бүгінде ауырсынуды басу, фитбол, тыныс алу техникасы, бөлек бөлмелер, серіктес болу мүмкіндігі, ең бастысы кәсіби және білікті медициналық көмек бар.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments