Четверг, 14 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтар«Өркен» білім беру грантына өтінім беру басталды

«Өркен» білім беру грантына өтінім беру басталды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 7-сыныпта оқуға үміткер оқушыларға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсын жариялады. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды.
Білім грантына өтініш қалдыру мерзімі ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап «Өркен» білім беру грантына өтінім беру басталды. Бүгінгі таңда қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Құжаттарды жұмыс күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін өткізуге болады. Ал сенбі күні түскі 13-00-ге дейін тапсыруға болады. Аталған науқан 21 ақпанға дейін жалғасын табады.

Еліміздегі таңдаулы білім ұясында оқуға аймақтағы барлық мектептердің 6-шы сынып оқушылары үміткер бола алады. Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына Конкурсқа қатысу үшін өтініш беріп,сауалнама толтырып, үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесін, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі мен 086/у медициналық анықтама формасын және үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі туралы табелінің көшірмесін тапсырады. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек.

Конкурстық іріктеудің өзі екі күннен тұрады. Кешенді тестілеу 14-15 сәуір күндеріне белгіленген. Бірінші күні, математика, сандық сипаттамалар және жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың қабілеттері айқындалады. Екінші күні тілдік пәндерден қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінен үміткерлер сынақ тапсыратын болады. Тестілеуге 120 минут уақыт беріледі. Балалар тапсырған сынақ шетелдік «СИТО» орталығына жіберіледі. Ондағы мамандар білімгерлердің қабілетін тексереді. Артынша тест нәтижелері мектеп басшылығына жеткізіледі. Осылайша емтиханның қорытындысы 40 күнде белгілі болады.
«Биылғы жылдағы конкурстық тестілеудегі ерекшелік, «жаратылыстану» пәні бойынша жиналған балл есепке алынатын болады. Естеріңізде болса, өткен жылы «жаратылыстану» бөлімі бойынша апробациялық тест өткізіліп, нәтижелері есептелмеген еді»,-дейді НЗМ директорының орынбасары Анаргүл Сарыева.
Айта кетейік, өткен жылдан бастап аталмыш білім ордасы бастауыш сыныптарға білім беруін тоқтатқан. Ендігі де мектепте оқу тек 7 сыныптан мүмкін болмақ. Есесіне оқу ордасында екі 12 сынып тереңдетіліп оқытылады. Өңірдегі үздік білім ошағына түсуші жастардың 40 пайызы шалғай-елді мекеннен келушілерді құрайды. Олардың оқуына жағдай жасау үшін мектеп жанынан 146 орынға лайықталған жатақхана да қарастырылған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments