Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетХабарландыруӨткен жылы Жетісу облысының тұрғындарынан медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне 120-дан астам...

Өткен жылы Жетісу облысының тұрғындарынан медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне 120-дан астам шағым түсті

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өткен жылы Қорға жүгінген азаматтардың өтініш-шағымдары бойынша қорытынды жасады. 2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейін Бірыңғай ақпараттық медициналық Call-орталығына 759 164 өтінім келіп түскен: 707,5 мың адам кеңес алса, 24 мың жүгінуші шағым қалдырды, оның ішінде 269-ы Жетісу облысының медициналық ұйымдарына түскен.

Талдау көрсеткендей, өтініштердің 85%-ында 1406-ға қоңырау шалынған. Шамамен 14% өтінім Қорға Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына келіп түсті. Қордың fms.kz ресми сайты, Telegram-дағы @Saqtandyrýbot, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайты мен блогы сынды кері байланыс арналары да халық арасында танымал.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өзін пациенттердің омбудсмені ретінде ұстанатыны көпшілікке мәлім. Сол себепті адамдар медициналық көмек алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда Қорға жазып, хабарласады.
Өткен жылы пациенттер Жетісу облысының медициналық ұйымдарына 269 мың шағым жіберген. Азаматтар көбінесе медициналық көмектің сапасыз көрсетілгенін айтып шағымданады (125 шағым). Екінші орында – медициналық көмек көрсетуден бас тарту тұр (37 шағым). Сондай-ақ медициналық көмекті ұзақ күту, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуден бас тарту, этика мен деонтологияны бұзу бойынша шағымдар түскен.
«Пациенттер өз емханаларында бейінді мамандар болмаған кезде, басқа медициналық ұйымдарға жолдама ала алмағандарын немесе ақылы негіздегі тексерулер мен консультацияларға жіберілгендерін, сонымен қатар, уақтылы ем ала алмай немесе сапасыз емделгендерін, бейінді дәрігерлердің консультацияларын ұзақ күткендерін, медицина қызметкерлерінің дөрекі әрекеті, ТМККК кіретін медициналық көмекті алуға сақтандыру мәртебесін заңсыз талап еткендерін және өз құқықтары бұзылғанын айтып шағымданады», — деп атап өтті Қордың Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Гульзия Таипова.
Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары әрбір шағым бойынша жоспардан тыс мониторинг жүргізеді және оның қорытындысы бойынша бұзушылықтар расталған жағдайда айыппұл санкциялары қарастырылады.
Медициналық қызметтерді көрсетуден бас тартқан жағдайда, медқызметтердің сапасына көңілі толмаған пациенттер медициналық ұйымнан ресми жауап алу және тиісті шаралар қабылдау үшін fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot байланыс арналары бойынша міндетті түрде ресми өтінім қалдыру қажет. Ал, әлеуметтік желілерде жазылған шағымдар процессуалдық шешім қабылдау үшін ресми өтінім болып табылмайды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments