Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарӨтірік мәліметтер енгізіп, бюджеттің қаражатын жымқырған балабақшалар

Өтірік мәліметтер енгізіп, бюджеттің қаражатын жымқырған балабақшалар

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының жекеменшік балабақшаларында мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету мемлекеттік бағдарламасы бойынша қабылданған балалар санындағы тіркеулер анықталды. 2018-2023 жылдар ішінде білім бөлімімен шарт бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған сәбилерді қабылдауға тура келді. Жеке балабақша басшылығы тарапынан ай сайын мемлекеттік міндеттеменің орындалуы туралы есеп беріп, бюджет қаражаты толық көлемде аударылған.

Алайда, 2023 жылы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге мектепке дейінгі мекемелерде «Балабақшаға келмегендерді» анықтау үшін жаппай тексеруді жүргізілді.

Нәтижесінде 9 балабақша тәрбиеленушілерінің арасында «Өлі жандар», бала бақшаға келмеген балалар анықталды, сондай-ақ балалардың бірнеше  жеке балабақшада тәрбиеленетіні, яғни бір бала бірнеше балабақшаға барғаны туралы табелі толтырылған дерегі белгілі болды.

Аудит нәтижесінде 6 жыл ішінде Еңбекшіқазақ ауданының жекеменшік балабақшалары мемлекеттік қаражаттан 257 678,9 мың теңгенің бюджеттік қаражатын заңсыз алып, иемденгені анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша Департаментпен «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.

 

                               Алматы облысы бойынша Ішкі

мемлекеттік аудит департаменті

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments