«Ер адамның денесін қызметтік ит тапты. Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді».Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, процестік шешім соның нәтижелері бойынша қабылданады.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды».
Далон орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архипов 10 маусымда ормандағы өртті сөндіруге аттанып, хабар-ошарсыз кеткен.
12 маусымда Дмитриевка ауылынан 5 шақырым жерде оның тракторы табылды.