Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedАлаяқтардың нақты шабуылдары: олардың алдында кім осалдық танытады

Алаяқтардың нақты шабуылдары: олардың алдында кім осалдық танытады

Екінші деңгейдегі банктердің деректері бойынша, 2022 жылы қарыздар бойыншаалаяқтық операциялардың саны 4,2 есе артып, 8,1 млрд теңге сомасына 5,2 мың жалған кредиттіқұрады, депозиттер бойынша алаяқтық аударымоперациялары 23,5%ға ұлғайып, 5,3 млрд теңгесомасына 6,4 мың шот/салымдар бойынша орыналды.

Ең көп таралған тәсілдер: біліміне, жұмыссаласына және мәртебесіне қарамастан кез келгенадам қол жеткізе алатын фишинг және вишинг. Бірақ көбінесе қаржылық алаяқтардың айлатәсілдеріне аға буын – зейнеткерлер және жастаралданып жатады. Алаяқтар оларды алдау үшінескі және жаңа алаяқтық әдістерін қолданады.

Олардың ең көп таралған схемаларынқарастырайық.

Жалған кредитті ресімдеу

Алаяқтық схемасы мынадай болады. Алаяқтарқарт адамдарға банктен секілді қоңырау шалып, кредит алуға өтініш берген-бермегенін нақтылайды. Егер бұл олар болмаса, онда алаяқтаролардың атынан кредит алуға тырысады жәнешұғыл шаралар қабылдау және олардыңнұсқауларын орындау қажет. Ол үшін олар әлеуеттіқұрбандарға деректерін орнатуды және қорғаудықажет ететін қосымшаға сілтеме жібереді. Бағдарламаны жүктегеннен кейін телефонға SMS-хабарлама немесе электрондық пошта арқылыхабарлама келеді, содан кейін банктің жалғанқызметкері кодты атауды сұрайды және, өкінішкеорай, кредит беріп үлгерген, бірақ алаяқтар ақшағақол жеткізе алмады деп хабарлайды. Бұдан кейін нұсқаулық бар: ақшаңызды қорғау үшін сізге бұлақшаны алаяқ айтқан басқа шотқа аудару керек.

Алаяқтар әрқашан сенімді, мұқият тыңдайды, құрметпен сөйлеседі, егжей-тегжейлі түсіндіреді, сөзсіз сенім тудырады, көмектесуге дайын жәнеосылайша егде жастағы адамдар туралы айтпағанның өзінде тіпті қаржылық сауаттыадамды да адастыруы мүмкін. Алаяқтар барлық қолжетімді әдістерді белсенді қолданады. Өзтәжірибелерінде олар психологиялық, эмоционалдық тәсілдерді, әлеуметтік инженерияныжәне IT технологияларды қолданады, олардыңкөмегімен олар азаматтардың конфиденциалдыақпараты мен дербес деректеріне қол жеткізе алады.

Құқық қорғау органдарынан секілді қоңыраулар

Алаяқтар өздерін заңға қызмет еткен адамдармыз деп таныстырады және сіздіңтанысыңыз, досыңыз немесе туысыңыз қиындыққатап болғанын хабарлайды. Мысалы: ол адамдықағып кетті, ауруханада жатыр немесе ***бабы бойынша алаяқтық жасады деп айыпталуда. Қылмыс бәрібір қорқынышты болып көрінеді жәнеоның салдары қайтымсыз. Мәселені шұғыл шешу қажет немесе істі ресми түрде ашады. Мәселені тез шешуге тырысатын адамдар кез келген соманытөлеуге дайын болады. Негізінен, мұндай алдаудыңқұрбандары жақын адамына көмектесу үшін бәрінжасауға дайын қарт адамдар. Қосымша стрестік фактор әдетте қоңырау шалушының қолжетімсіздігіболып табыладыалаяқтар мұны да біле алады.

Неліктен аға буын өкілдері олардың құрбанынаайналады?

Егде жастағы адамдар алдау оңай, сенімділігінебайланысты оңай басқарылатын, жаңылыстыруғаоңай адамдар санатына жатады. Олар заманауитехнологияларды жақсы білмейді, олардыңбарлығы Интернеттегі немесе мобильді банкингтегіақпаратты тексере алмайды, сондықтанзейнеткерлер көбінесе алаяқтардың қулықтарынатап болады. Төлем карталарын пайдалануғадағдыланбаған егде жастағы адамдар өздерініңжеке мәліметтерін алаяқтарға оңай бере алады.

Кеңес: ең алдымен, қарт адамдарға бірегей, ұзын құпиясөздерді ойлап табуға және жазуғакөмектесу керек және оларды ешбір жағдайдабөлісуге болмайтынын түсіндіру керек. Ата-анаңызға, ата-әжелеріңізге, көршілеріңізге бұлконфиденциалды мәліметтер тек алаяқтарғақажет екенін түсіндіріңіз. Бейтаныс адамдарға, тіпті олар өздерін банк қызметкерлері, құқыққорғау органдарының қызметкерлері немесемемлекеттік әлеуметтік қызметкерлер ретінде таныстырса да, оларға сөзсіз сенуге БОЛМАЙДЫ.

ҰБТ-ны сәтті тапсыруға көмектесемін

Жыл сайын жаздың басында орта арнайы оқу орындары түлектерінің қызу кезеңі басталады: оларҰлттық Бірыңғай Тестілеуден (ҰБТ) өтеді. Түлектердің бірі өз қабілеттеріне сенімді, ал кейбіреулері мемлекеттік грант бойынша түсу үшінбалл жинай алатынына алаңдайды. Қалай болғандада, бұл әр түлек үшін үлкен стресс және оларәртүрлі сайттарда сынақтан өтіп, өз күштерінбелсенді түрде сынап көреді. Бұл, әрине, алаяқтарды айналып өтпеді. Олар әлеуметтікжелілер арқылы берілген сілтемені басу арқылыалуға немесе сатып алуға болатын дұрысжауаптарға сілтемелер таратады. Күдікті жастар әртүрлі вирустық қосымшаларды өз еркімен жүктеп, фишингтік сайттарға ауысады, осылайша өзаккаунттарына кіруге мүмкіндік береді. Әрі қарай, алаяқтар түлектердің әлеуметтік желілердегіаккаунттарын бұзады және олардың атынандостарына сондай зиянды сілтемелер жібереді.

Әскери комиссариаттан шұғыл шақырунемесе қоңырау шалу

Алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа әдісіретінде әскери қызметке шақыруды қолданабастады. Ең көп таралған әдіс – әлеуметтік желілерарқылы сізді әскери қызметке шақыратынхабарламалар жіберу, сілтемені басу арқылытолығырақ білуге болады. Жастар қосымшасілтемеге өтіп, алаяқтарға өздерінің гаджеттерінеқол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, телефон алаяқтары жастарға немесе олардың туыстарынақоңырау шалып, әсер етудің психологиялықәдістерін қолдана отырып, әскери қызметті кейінгеқалдыру секілді себеппен белгілі бір соманы алдаа алады.

Жоғары кірісті инвестициялық жобаларғаинвестиция салу

Интернет кеңістігінде «Егер сіз миллионер болмасаңыз, мен 1 000 000 теңге беремін» дегентартымды тақырыбы бар инвестициялықкомпаниялардың сайтына сілтеме белсенді түрдетаратылуда. Алаяқтар азаматтардың ең көп санынтарту және олардың сеніміне ие болу үшін танымалблогерлер мен мемлекеттік мекемелердің жоғарғыбасшыларының есімдері мен фотосуреттерінпайдаланады. Зиянкестер әлеуетті клиенттергесызылған есептер мен графиктерді ұсына отырып, инвестициялық қызметті жүзеге асыру сияқты әрекет етеді.

Алаяқтар бұл әдісті ұзақ уақыт бойы қолданыпкеледі және оған кім сенеді деп ойлауға болады. Алайда, кері байланыс арналары арқылыАгенттікке жастар кредит ресімдеп, жалғанинвестициялық компанияларға барлық қаражаттысалғаны туралы хабарламалар келіп түседі. Мұныңқалай аяқталғанын болжау қиын емес.

Неліктен жастар алаяқтардың құрбаныболады?

Қазіргі жастар виртуалды әлемде көбірек уақытөткізеді, Интернет, әлеуметтік желілер жәнемессенджерлер арқылы байланысады және ақпараталады. Көптеген жастар онда жарияланған барлықнәрсеге сөзсіз сенеді. Мұны зиянкестер шеберпайдаланады.

Кеңес: балаларға фишинг және вишинг сияқты алаяқтық түрлері туралы айтып беріңіз. Интернеттегі алаяқтар, балықшылар сияқты, маңызды конфиденциалды ақпаратты аңдып, әртүрлі сылтаулар ойлап тауып, жастардың назарын аударады. Болмаса, ақшаны түрлі жобаларға тиімді салу сылтауымен олардан ақша алады.

Жаңа жағдай бұрын орын алған, бірақ ұмытылған ескі жағдай болуы ықтимал! Алаяқтардың арандатуына қарсы тұрыңыз. Жақындарыңызға алаяқтықтың осы әдістері туралы айтып беріңіз!

Өзіңізге, жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз және қаржылық сауаттылықты Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments