Среда, 29 июля, 2026
Басты бетЖаңалықтарАлматыда «Профилактика наркомания және киберпреступность» тақырыбында кездесу өтті

Алматыда «Профилактика наркомания және киберпреступность» тақырыбында кездесу өтті

«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін ұйымдастырды. Іс-шараның басты тақырыбы – нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу мәселелері болды.

Кездесуге Алматы қаласы Полиция департаментінің екі тәжірибелі маманы қатысты. Олар – Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ерекше маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Дәурен Асқарович Көбеев және Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Батырхан Айдарханович Расылхан.

Спикерлер нашақорлықтың алдын алу, киберқылмыстың негізгі түрлері, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жеке деректерді қорғау шаралары туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ қатысушыларға құқықтық түсініктемелер мен осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар ұсынылды.

Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, мамандар тарапынан толыққанды кеңестер айтылды. Кездесу құқықтық сауаттылықты арттыруға, цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және заңдылық пен қоғамдық тәртіп қағидаларын нығайтуға септігін тигізді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments