Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерігінің №13 қаулысы шықты. Бас құжаттағы басты мәселелер «Jetisy Media» алаңында айтылды.
Әуелде ерікті түрде салынатын вакцина, қоғамдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында ендігі жерде барлық тұрғындарға салынатын болады. Қаулы негізінде соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және covid-19-бен ауырып жазылған адамдардан басқасының барлығы да коронавирусқа қарсы вакцинаны алуға міндетті болып табылады. Мемлекет міндеттеген екпені алмаған жағдайда жұмысқа жіберуге шектеу енгізіледі.
Жаңа ереже бойынша, екпе алмаған ұйым қызметкерлері аптасына бір рет ПТР-тестілеуден өтуі қажет. Ескерте кетерлігі, аталған зертханалық талдау ақылы негізде жасалынады.
— «Ashyq» жобасына қатыспаған ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, боулинг клубтары мен бильярд бөлмелерінің қызметіне тыйым салынады. Банктердің, ХҚКО-ның, «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) мейрамхана, кафе және кофехана типі бойынша 9-дан 20 сағатқа дейін, толымдылығы 50% — ға, бірақ 30 орыннан аспайтын жұмыс істеуге рұқсат етіледі»,-деп атап өтті Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.
Айта кетейік, соңғы тәулікте тағы да 49 адам індет жұқтарғаны анықталды. Осылайша вирустың өсу қарқыны -0,2% құрап отыр. Бүгінгі таңда Алматы облысы сары аймақта орналасқан. Текелі қаласы әлі де қызыл аймақта, қалған аудан мен қалалар жасыл аймақта.
Вакцинациялауға келетін болсақ, облысқа барлығы 498 170 доза вакцина келіп түсті, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 422 670 Гам-Ковид-вак, 8000 Qaz-вак және 28 000 CoronaVac. 2 компонент 253 350, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, Гам-Ковид-вак 177 850, Qaz-вак 8000 және 28 000 CoronaVac. Бірінші компонентпен барлығы – 396 622 адам, ал екіншісімен – 227 445егілді.