Пятница, 18 сентября, 2026
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында ағартушы-қайраткер, Алаш рухты ақын-композитор Қапез Байғабылұлының туғанына 130 жыл толуына...

Алматы облысында ағартушы-қайраткер, Алаш рухты ақын-композитор Қапез Байғабылұлының туғанына 130 жыл толуына орай ауқымды мерейтойлық іс-шаралар өтуде

Жыл басынан бері өңірдегі кітапханалар мен музейлерде дөңгелек үстелдер, әдеби-сазды кештер, көрмелер мен байқаулар тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ануар Умбеталиев мерейтой аясында республикалық деңгейдегі ауқымды шаралардың өтетіндігін атап өтті. Оның айтуынша,
тарихын таныған, мәдениетін қадірлеген елдің рухы биік болады. Сондықтан Қапез Байғабылұлының бай мұрасын дәріптеу – баршамызға ортақ міндет. Ағартушы-қайраткердің тағылымды мұрасы ұрпақ жадында мәңгі сақталып, ұлттық мәдениетіміздің өркендеуіне қызмет ете береді.
Сондай-ақ, ғалым, әдебиеттанушы Сағатбек Медеубекұлы Қапез Байғабылұлының Алаш ардақтысы ретіндегі ұлттық руханияттағы орнына тоқталды.
«Қапез Байғабылұлы – Алаш идеясын ту еткен, халқымыздың сауатын ашуға, өңірдегі баспасөздің дамуына және ел аузындағы халық мұрасын жинақтауға зор үлес қосқан бірегей тұлға. Оның әдеби әрі ағартушылық мұрасын терең зерделеу – бүгінгі ғылым үшін де, келешек ұрпақ үшін де маңызды», – деді Сағатбек Медеубекұлы.
Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазы өзінің қоғамдағы және өнердегі орны тұрғысынан ұлттық музыкалық мұраның құндылығын баса айтты.
«Қапез Байғабылұлының туындылары – қазақтың дәстүрлі ән өнерінің алтын қоры. Музыкалық мұрамызды дәріптеу арқылы біз ұлттық кодан айырылмаймыз. Алда өтетін республикалық байқау жас орындаушылар арасында осы бай мұраны қайта жаңғыртады», – деді Рамазан Стамғазы.
Сондай-ақ суретші, профессор Тоққожа Қожағұлов бейнелеу өнері бойынша өтетін республикалық конкурстың жүлде қоры 750 мың мен 1,5 миллион теңге құрайтынын ашып айтты.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments