Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары басталды

Алматы облысында сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары басталды

Ел тарихында тұңғыш рет ауылдық округ әкімдерін бұқара сайлайтын болады. Елді қуантқан ақжолтай хабардың тарағаны сол екен, саяси бәсекеде бақ сынаушыларда өз жұмыстарына кірісті. Күні кеше үміткерлер іріктеліп, аламанға түсер жүйріктер жүйіткей түсті.

Ұзын-саны 279 үміткердің 242-і басты додаға қатысатын болады. 29 тұлғаның кандидатурасы түрлі себептермен алынып тасталған. Нақытлайтын болсақ, 17 үміткер талаптарға сай келмеген, ал 12-і өз кандидатурасын алып тастаса, 1 үміткер тіркеуден алу туралы өтініш білдірген.
«Ақтық мәреге жетемін деген саяси тұлғалардың ішіндегі бәсеке бәсеңдемек емес. Бүгінгі күні орташа бәсекелестік-3,9 құрап отыр. Барлық округтердегі үміткерлердің саны 3-тен көп»,-деп атап өтті Алматы облысы сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық.
Айта кетейік, республикалық бюджеттен әрбір үміткерге 220 мың теңге қаржы бөлінеді. Бұл қаражат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге бағытталатын болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments