Среда, 27 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында Тілдер фестивалі аясында 820 шара ұйымдастырылды

Алматы облысында Тілдер фестивалі аясында 820 шара ұйымдастырылды

 
2017 жылдың 5 қыркүйегінен бастап еліміз үшін айтулы мерекелердің бірі  —  Қазақстан халқы Тілдері күні аталып келеді. Бұл күн ұлт ұстазы, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Бекітілген жоспарға сәйкес, облыс көлемінде аудан, қала әкімдіктері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тілдер фестивалі – 2021» деген ортақ атпен түрлі шаралар ұйымдастыруда.
Облысымызда Тілдер фестивалі аясында 5 қыркүйек – 25 қазан аралығында  барлығы  820 шара ұйымдастырылды.  Олардың  4 республикалық, 14 облыстық, 802 аудандық, қалалық, ауылдық – деді Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Болат Керімбек брифингте сөйлеген сөзінде.
 «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы этнос өкілдеріне қысқа мерзімде қазақ тілін жеделдете оқытуға арналған «Қазақша сөйлейік» клубының тұсаукесері ұйымдастырып, орталықтың аудандық, қалалық филиалдарында жалғасын тапты.
 Тұңғыш рет Қазақстан Республикасы суретшілер одағымен бірлесе суретшілер көзімен бейнелеу өнері арқылы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілінің өткенін, бүгінін, келешегін суреттеу, кәсіпқой суретшілердің туындыларынан көрме ұйымдастыру мақсатында «Тіл және Тәуелсіздік» қылқалам шеберлерінің республикалық байқауын ұйымдастырып отырмыз. Байқауға қатысушылар саны 109, шығармашылық туындылар 164. Қатысушылардың ең үлкені 66 жастағы Түркістан облысы Түлкібас ауданы тұрғыны болса, ең кіші қатысушы 9 жасар Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының мектеп оқушысы.
 21 қыркүйек күні көрменің ашылу салтанаты ұйымдастырылып,  жеңімпаздар марапатталатын болады.
Қазылар алқасының құрамына Қазақстан Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы, ҚР суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, ҚР суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Ермұхан Жүнісхан сынды республикаға танымал суретшілер мен  сәулетшілер болды.
Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасы Әділбек Қаба, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Әнес,  Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі тіл жанашырлары Асылы Осман, Оразкүл Асанғазы және республикаға, облысқа танымал тілші ғалымдардың қатысуымен «Тіл – ең асыл құндылық» атты дөңгелек үстел өтеді.
Жастардың азаматтық позициясын қалыптастыру мақсатында студент жастар арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» атты дебат, «Бар бақытым – қасиетті Отаным» шығармалар байқауы, қазыналы қарттарымыздың, тәлімін, ғибратты өмірін жастарға үлгі ету, дәстүр сабақтастығын ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге арналған «Тіл және тәрбие» атты тәлім-сабақ, «Батагөй» облыстық байқауы өтеді.
Тілдерді оқыту орталықтарында  Ашық есік күндері ұйымдастырылды, сондай-ақ, «Тіл тазалығын сақтайық» акциясының қорытындысы шығарылмақ – деді спикер Болат Керімбек.
Іс-шаралар әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, онлайн және оффлайн режимінде өтеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments