Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 150 мың адам ревакцинация курсынан өтті

Алматы облысында 150 мың адам ревакцинация курсынан өтті

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні өңір бойынша 318 вакцинация пункті, 76 мобильді және 17 жылжымалы пункт жұмыс істейді.
2022 жылдың 2 ақпанындағы жағдайы бойынша облыста вакцинаның бірінші компонентін 939 657 адам, немесе тиісті контингеттің 78% – ы, екінші компонентті-865 566 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 72% — ы алды.
Қазіргі уақытта облыс тұрғындары төрт вирусқа қарсы препараттан вакцина таңдай алады, олар: Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), «QazCovid-in», «SinopharmVeroCell» және Comirnaty (Pfizer) жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға және медицина қызметкерлеріне арналған.
Сонымен қатар, облыста жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары жүргізілуде. Облысқа барлығы 380 250 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. 2 ақпандағы жағдай бойынша вакцинацияланған халық саны 78 571 адамды құрайды, оның ішінде 63 890 жасөспірім, 3367 жүкті әйел және лактация кезеңінде 11 314 әйел.
Сонымен қатар, 151 935 адам иммундаудың толық курсынан өтті. Оның ішінде 146 556 адам «QazCovid-in» және «SinopharmVeroCell» вакциналарын алса, 5379 адам Comirnaty (Pfizer) вакцинасын алды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments