Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 218 адам індетке шалдықты

Алматы облысында 218 адам індетке шалдықты

14 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 47 300 жағдай тіркелген, оның ішінде 34 060-да симптом белгілері бар.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2213,0 құрады, деп хабарлады Алмат облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-қызметі.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7% — дан 0,6% — ға дейін төмендеді. Ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 1,2%, Балқаш – 0,7%, Еңбекшіқазақ – 0,7%, Ескелді – 0,7% Қарасай – 0,8%, Райымбек – 0,9%, Сарқан – 0,8%, Ұйғыр – 0,8% аудандарында және Талдықорған қаласында – 0,7%, Текелі қаласында – 0,8% байқалады.
Айта кетейік, өткен тәулікте КВИ 218 жағдайы тіркелді.

Естеріңізге саламыз, әлі күнге коронавирусқа қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде, екпенің бірінші бөлігін 717 218 адам, екінші компонентін 597 375 тұрғын салдырды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments