Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 3600 адам карантин талаптарын бұзған

Алматы облысында 3600 адам карантин талаптарын бұзған

Жетісу жерінде 9478 нысан «Ashyq» пилоттық жобасының қатысушысы болып табылады. Мониторингтік топ тексеріс жұмыстарында шағын және орта бизнестің 5936 субъектісін қамтып, қосымшаның талаптарын бұзған 1107 нысанды «Ashyq»платформасынан шығарды.
2021 жылдың 10 маусымы мен 29 қыркүйек аралығындағында Алматы облысы азаматтарының арасынан санитариялық-карантиндік режимді бұзған 3606 тұрғын анықталды. Оның ішінде, «қызыл» мәртебесі бар — 2690 адам және «сары» мәртебесі бар — 916 азамат тіркелді.
«Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 4 813 050 теңге сомасына 110 айыппұл салынды. Сондай-ақ, «сары» мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантинін сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 326 қаулы берілді.

Айта кетейік, облыста өткен тәулікте 212 КВИ жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар — 28, оқушылар арасында — 28 және студенттер арасында 8 коронавирустық инфекция жұқтыру дерегі анықталған. Дейтұрғанмен, аймақта індеттің өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,5% — дан 0,4% — ға дейін төмендеді.

Естеріңізге саламыз, Алматы облысында әлі күнге екпе салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 839 685 доза келіп түссе, екпенің 2 компонентінен 829 815 доза алынды. Бүгінгі күні облыста вакцинаның 1 компонентінен 88 067, 2 компонентінен 178 409 доза қалып отыр. 30 қыркүйекке қараған күні 753 677 (69%) адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екіншісімен 656 112 (60%) тұрғын егілді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments