Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының аумағында шектеу шараларын күшейту туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық...

Алматы облысының аумағында шектеу шараларын күшейту туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 16 Қаулысы

(2021.30.07. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-тармағына және 39-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 102 және 104-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы», 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы», Қазақстан Республикасы, оның ішінде Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.30.07. № 17 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1. Алматы облысының аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының полиция Департаменті, Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы, Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және Кәсіпкерлер палатасы қамтамасыз етсін:

1) осы қаулының қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатыспайтын, Алматы облысының аумағында орналасқан әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды қамтамасыз етсін;

2) «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері келесі қызметкерлеріне тыйым салу:

— қоғамдық көлік;

— СОО, сауда үйлері, сауда желілері;

— спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектебі, спорт клубтары, жаттығу залдары);

— қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорттары (тамақ жеткізуге рұқсат етіледі);

— фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, моншалар, СПА-орталықтар, бассейндер;

— театрлар, концерт залдары, филармония, цирктер;

— алаңы 1000 м2 астам азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілерді, ашық және жабық базарларды;

— компьютерлік клубтар, боулинг, бильярд, караоке, Түнгі клубтар;

— білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балалар даму орталықтары, балалар ойын-сауық орталықтары;

— банктер, ХҚКО, Қазпошта бөлімшелері;

— діни объектілер.

3) Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.30.07. № 17 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.30.07. № 17 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) сенбі және жексенбі күндерінде Талдықорған қаласы аумағының келесі аудандарында көлік қозғалысы тоқтатылсын:

— Шевченко көшесі бойынша: Қабанбай батыр көшесінен Құрманов көшесіне дейінгі автожол бөлігі;

— Біржан сал көшесі бойынша: Назарбаев даңғылынан Құрманов көшесіне дейінгі автожол бөлігі;

— Ақын Сара көшесі бойынша: Назарбаев даңғылынан Құрманов көшесіне дейінгі автожол бөлігі;

— Құрманов көшесі бойынша: Ақын Сара көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі автожол бөлігі;

6) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысының (әрі қарай — ҚР № 33 БМСДҚ4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын, осы тармақтың 2-тармақшасына енгізілмеген әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне шектеулер мен рұқсаттарды іске асыру;

7) Алматы облысының елді мекендері ішінде және автожолдарында стихиялық саудаға жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту;

8) ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;

9) «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, букмекер кеңселерінің қызметіне тыйым салу;

 10) қоғамдық көліктерде, таксилерде, әуежайларда, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен басқа да қоғамдық орындарда санитариялық және дезинфекциялық өңдеуді жүргізу;

11) қоғамдық көлік аялдамаларына күніне кемінде екі рет, қоғамдық көлікке әрбір рейс алдында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді жүргізу;

12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеумен Қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беру;

13) білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды сабақтан тыс уақытта жеке оқытуға рұқсат беруді;

14) орта білім беру объектілері оқушыларының білімін бағалау бойынша үй-жайда 15 адамнан аспайтын толтырумен, шахмат тәртібімен отырғызумен, маска режимін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, республикалық олимпиадаларды өткізуге рұқсат беру. Бұл ретте үй-жайларды адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етілген ауаны зарарсыздандыруға арналған аспаптармен (рециркуляторлар, экрандалған бактерицидті сәулелегіштер) жабдықтау ұсынылады;

15) қашықтықтан оқыту нысанын (онлайн) қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің дәстүрлі форматта оқуын тоқтата тұру;

16) әлеуметтік қашықтықты (1 адамға кемінде 4 шаршы метр), күшейтілген дезинфекциялық режимді, сондай-ақ үздіксіз желдетуді сақтаған жағдайда немесе ауаны залалсыздандыру құралдарын (рециркуляторлар, экрандалған бактерицидті сәулелегіштер) орнатқан жағдайда орта және жоғары білім беру объектілерінде, сондай-ақ колледждерде оқуға түсу және бітіру емтихандарын, білімді бағалаудың басқа да түрлерін дәстүрлі форматта өткізуге рұқсат беру;

17) бетперде тәртібін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде, қорықтарда, резерваттарда және басқаларда) баруға рұқсат беру;

18) күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады;

19) аялдамаларда және қоғамдық көліктерде «қарбалас сағаттарда» халықтың көп жиналуын болдырмау үшін барлық мемлекеттік ұйымдарда (кәсіпорындарында), кәсіпкерлік субъектілерінің офистерінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес сараланған (дифференцирленген) жұмыс кестесін ұйымдастыру;

20) жұмыскерлер саны 250 адамнан асатын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік кәсіпорындарға, органдар мен ұйымдарға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыскерлерді тасымалдау үшін қызметтік автокөлікті пайдалану ұсынылады;

21) «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беру;

22) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беру;

23) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беру (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);

24) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы «COVID-19» қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беру;

25) жақын туыстарының қатысуымен 15 адамнан аспайтын жерлеу рәсімдерін өткізу, зираттарда адамдардың көп жиналуына (тек бір отбасы мүшелері) жол бермеуді қамтамасыз ету.

  1. Алматы облысының аудандары мен қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелері, құқық қорғау және арнайы органдар, Алматы облысының Кәсіпкерлер Палатасы (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға қамтамасыз ету:

1) «COVID-19» қарсы вакцинациялауды алмаған (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және «COVID-19» ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) мынадай ұйымдардың/объектілердің қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу:

— қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары / орталықтары / кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);

— халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;

— мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

— халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);

— жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар / автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет. көрсету пункттерінің;

— білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;

— санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері /базалары /аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

— қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;

— барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);

— денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;

— дәріхана ұйымдарының;

— тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);

— экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;

— демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);

— байланыс және телекоммуникация объектілерінің;

2) осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде «COVID-19» ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) ПТР-тестілеу міндетті.

  1. Алматы облысының аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының Кәсіпкерлер Палатасы (келісу бойынша), ұлттық компаниялардың, ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында осы қаулының2-тармағындабелгіленген салаларда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың басшылары:

1) жұмыскерлерге (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын;

2) профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін;

3) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін.

  1. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстың кәсіпкерлер Палатасы (келісім бойынша), Полиция департаментіне, Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына қамтамасыз ету:

1) қызметі рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдану;

2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6 хаттамасының 2.6-тармағын басшылыққа ала отырып, осы қаулының қосымшасына сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастау.

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (объектілердің) басшылары, барлық жеке және заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, барлық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:

1) осы қаулының талаптарын қатаң орындау;

2) ҚР БМСД № 67 қаулысында көрсетілген алгоритмдерге сәйкес, жинау мен дезинфекция жүргізудің күндізгі кестесін әзірлеу, бірақ жұмыс ауысымына 2 реттен кем емес;

3) жексенбі күндері үй-жайлар мен іргелес аумақты күрделі жинау және дезинфекциялау жүргізу;

4) қызмет көрсету (сұлулық салондары, шаштараздар, косметология, химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу және т.б.) және қоғамдық тамақтану саласындағы объектілерге келушілер көп жиналатын жерлерде ауаны зарарсыздандыру аспаптарын (экрандалған бактерицидті сәулелегіштер, рециркуляторлар) орнату ұсынылады.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы күшіне енген сәттен бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 шілдедегі № 13, 2021 жылғы 15 шілдедегі № 15 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  3. Бұл қаулы 2021 жылы 26 шілдеде 07 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

Алматы облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

 

 

Е. Сыдыманов

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.30.07. № 17 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Алматы облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің

2021 жылғы 23 шілдедегі

№ 16 қаулысына қосымша

Алматы облысындағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына
шектеулер мен рұқсаттардың өлшемшарттары

 

Объектілер / салалар

Шектеу / рұқсат беру шаралары

1.

Өнеркәсіп, көлік және құрылыс объектілері, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы (қызметкерлерді жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін қызметтік көлікті ұйымдастыру ұсынылады)

+

2.

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т.б.).

+

3.

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.)

+

4.

Гүл дүкендері, фотосалондар

+

5.

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

+

6.

Музейлер, зоопарк, кітапханалар

+

7.

Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

Р

— топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша;

— сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады.

8.

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, зоодүкендер (с.қ. ойын-сауық орталықтарында орналасқан)

+

9.

Құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сататын объектілерден басқа, азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған)

Р

— ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі объектілердің қызметіне рұқсат етіледі

— сенбі және жексенбі күндері ауданы 1000 шаршы метрден асатын объектілерге қызмет етуге тыйым салынады;

10.

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)

Р

алдын ала жазылу бойынша

11.

Супермаркеттер, гипермаркеттер, тамақ өнімдерін өткізу жөніндегі сауда желілері

+

12.

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері / базалары. туристік базалар және т. б.)

Р

толтырылуы 50%-дан артық емес

13.

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

Р

— 30%-дан артық емес толтырылған кезде кірушілердің термометриясы, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

— сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады.

14.

Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес)

Р

— 30%-дан артық емес толтырылған кезде кірушілердің термометриясы, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

— сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады.

15.

СОО, сауда үйлері, сауда желілері

Р

— сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады;

— фудкорттардың жұмысы тек шығаруға және жеткізуге рұқсат етілген;

— әр түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын өткізуге тыйым салынады (онлайн режимінен басқа);

— жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, толымдылығы 30%-дан аспаған жағдайда және бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес.

16.

Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар

+

17.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

Р

— жұмыс күндерінде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі;

— жеткізуді ұйымдастыру қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады.

18.

Жазғы аландар

Р

— жұмыс күндерінде 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі;

— жеткізуді ұйымдастыру қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады.

19.

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері

Р

— жұмыс күндерінде 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі;

— жеткізуді ұйымдастыру қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады.

20.

Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек)

+

21.

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология (жазылу бойынша)

Р

алдын ала жазылу бойынша

22.

Қоғамдық көлік (елді мекен ішіндегі)

Р

— қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру және жұмыс кестесін сағат 22.00-ге дейін;

— сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады.

23.

Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

Р

— Алдын ала жазылу бойынша (кезекті брондау), жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

— сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады.

24.

Мектепке дейінгі мекемелер

Р

15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтар.

25.

Ұйымдар, кеңселер*(сілтемені қараңыз)

Р

80% — қашықтықтан, 20% — күндізгі режим

26.

Діни объектілер

Р

— жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбей;

— сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады.

27.

Моншалар

Р

— сенбі және жексенбіде қызметке тыйым салынады;

28.

Сауналар

Р

— сенбі және жексенбі күндерінде қызметке тыйым салынады;

— жұмыс күндері жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен толтырылатыны 50%-дан аспайтын алдын ала жазылу бойынша.

29.

СПА-орталықтар, бассейндер

Р

— сенбі және жексенбі күндерінде қызметке тыйым салынады;

— жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен толтырылатыны 50%-дан аспайтын алдын ала жазылу бойынша

30.

Қалалық және ауылдық жағажайлар

Р

Толтырылуы 50%-дан артық емес

31.

Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричкалардың) қозғалысы

Р

ортақ вагондарсыз

32.

Жолаушылар поездарының қозғалысы

Р

ортақ вагондарсыз

33.

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

34.

Спорт кешендері, спорттық сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога орталықтары, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары

Р

— жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін;

— сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады;

35.

Казино

Р

30 отыратын орыннан артық емес, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұма, сенбі және жексенбі күндері қызмет етуге тыйым салынады;

Адамдар көп жиналатын ұтыс ойындарын және басқа да іс-шараларды (акцияларды) өткізуге тыйым салынады

36.

Мәдениет объектілері (дайындық)

37.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

38.

Облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

39

Боулинг клубтары

40.

Бильярд

41.

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары

42.

Цирктер

43.

Балалар ойын-сауық орталықтары (ойын аландары, жабық үй-жағдайындағы аттракциондар). оның ішінде СОО, СҮ-да орналасқан

44.

Ашық ауадағы аттракциондар

45.

Балаларды сауықтыру ұйымдары

Р

толтырылуы 30%-дан артық емес

46.

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

47.

Көрермендерсіз спорттық іс-шараларды өткізу

+

48.

Ас беру

49.

Банкет залдары

50.

Түнгі және ойын клубтары, караоке, океанариум

51.

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, отбасылық, естелік іс-шаралар, еске алу, корпоративтер, конференциялар, форумдар, жиналыстар, көрмелер, марафондар және басқа да көпшілік іс-шаралар

*- Ұйымдар, офистер қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

 

«+» — қызметіне рұқсат етілген;

«Р» — қызметіне ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген;

«-» — қызметіне тыйым салынған.»;

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments