Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының Жамбыл ауданында ауылдық округ əкімдеріне кандидаттар ұсыну басталды

Алматы облысының Жамбыл ауданында ауылдық округ əкімдеріне кандидаттар ұсыну басталды

«Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сəйкес 2021 жылғы 25 шілдеде ауылдық округтер əкімдерін сайлау өтеді.
Сайлау науқаны Алматы облысы Жамбыл ауданының 2 округінде өтеді: Шиен жəне Үлгілі. 2021 жылғы 25 маусымда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 25 шілдеге 2 ауылдық округте сайлау тағайындау туралы қаулы қабылдады. Сайлау тағайындау,сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан əкімдігінің сайтында орналастырылған жəне аудандық «Атамекен» газетінде 2021 жылғы 26 маусымында жарияланды.Атамекен №25 ПДФ
Сайлауда 1 аумақтық жəне 2 учаскелік сайлау комиссиялары, 19 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. 2 округ бойынша сайлаушылар саны 4494 адамды құрайды.
2021 жылдың 26 маусымынан бастап
əкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі
аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан əкіміне тиесілі.
2021 жылдың 1 шілдеге 2 кандидат өзін- өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Əкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021
жылғы 9 шілдеге дейін жалғасады.

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments