Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының санитарлық дәрігері: Аймақта Үнді штаммының пайда болуы тұрғындардың өздеріне тікелей...

Алматы облысының санитарлық дәрігері: Аймақта Үнді штаммының пайда болуы тұрғындардың өздеріне тікелей байланысты

Соңғы тәулікте Алматы облысында COVID-19 індетінің 32 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші – 1272,9 құрады.

Қазіргі уақытта аймақтағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ жаңа қауіпті Үнді штаммының таралу мүмкіндігі бар.  Өйткені, көрші мегаполисте жаңа «Дельта» мутациясы (Үнді штаммы) анықталды.

«Мутацияланған вирус Алматы облысының тұрғындары арасында табылған жоқ. Бірақ біз үнді штаммы табылған Алматы қаласына жақын орналасқанбыз, бұл өте қауіпті. Жаңа мутацияның пайда болуы облыс тұрғындарының өздеріне тікелей байланысты. Мысалы, Талдықорғаннан Алматыға дейін және кері қарай 50-ден астам көлік қатынайды, орташа есеппен бұл 100-150 адам келеді деген сөз.  Сондықтан тұрғындардан вирустың таралуын болдырмас үшін барлық санитарлық талаптарды сақтауды сұраймыз. Вирустың жаңа мутациясымен күресу әдістері өзгеріссіз қалады. Тағы да еске саламыз, біздің облыс басқа қалалар мен облыстардан оқшауланбаған және болашақта қатаң карантиндік шараларға жүгінбеу үшін бүкіл халық жауапкершілік таныту қажет. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар», — деді Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов.

ДДҰ деректері бойынша Қазақстанда қолданылатын вакциналар «Дельта»Үнді штаммына қатысты да тиімді екенін атап өткен жөн.
Құрметті Алматы облысының тұрғындары вакцинация өзіңізді вирустан қорғаудың жалғыз тәсілі екенін естен шығармаңыздар. Өйткені, біздер әлі күнге дейін, бұл вирус қашанға дейін созылатынын білмейміз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments