Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетCovidАлматы облысы "жасыл" аймаққа енді

Алматы облысы «жасыл» аймаққа енді

Соңғы тәулікте КВИ 89 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 22 бала. Өсім қарқыны 0,2%-ды құрап, Алматы облысын «жасыл» аймаққа қайтарды.

22 қазандағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 54 386 жағдай тіркелген, оның ішінде 40 281 белгілері бар. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,3%-дан 0,2%-ға дейін төмендеді.

Сырқаттанғандардың ең көп саны Талдықорған қаласында – 17 және Еңбекшіқазақ ауданында – 13 тіркелген. Жұқтыру жағдайларының ең аз саны Қапшағай қаласы мен Балқаш ауданында тіркелген кезде, мұнда жұқтырғандар саны тиісінше 1 және 2-ге тең.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізуге 283 егу кабинеті, сондай-ақ 73 жылжымалы вакцинация пункті тартылған.

Бүгінгі күні коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны – 793 852, бұл тиісті контингенттің 66%-ын құрайды. Екінші дозаны алғандар, яғни вакцинациялаудың толық курсынан өткен халық саны – 715 502 адам, бұл тиісті контингенттің 60% -ын құрайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments