18 тамызда Астана қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында рейдтер жүргізілді. Іс-шара барысында абаттандыру талаптарының сақталуы тексеріліп, анықталған құқық бұзушылықтарға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Мұндай жұмыстар қаланың тазалығын сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.


