«Атамекен» редакциясының ұжымы қоршаған ортаның тазалығына үлес қосу мақсатында «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты.
Акция аясында редакция қызметкерлері өз ауласында сенбілік ұйымдастырып, аумақты қоқыстан тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Аула ішіндегі шашылған қоқыстар жиналып, тазалық жұмыстары атқарылды.
«Таза Қазақстан» акциясы – елді мекендердің көркеюіне ғана емес, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Тазалықты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті. Өйткені таза әрі жайлы орта ең алдымен өз ауламыздан, өз көшімізден басталады.
«Атамекен» редакциясының ұжымы осындай игі шараларға тұрақты түрде атсалысыпу, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуды маңызды деп санайды.
Тазалық – мәдениеттіліктің белгісі. Ал оны сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік.


