Понедельник, 25 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАқтау теңіз портына халықаралық мәртебе қайтарылады

Ақтау теңіз портына халықаралық мәртебе қайтарылады

Сыртқы істер министрлігі Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін  беру және үкіметтің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысын әзірледі.

«Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесі берілсін», — деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар, құжатта «Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтау Интернешнл» Ұлттық компаниясы» АҚ атауын өзгерту туралы көрсетілген.

Жоба мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 шілдедегі жаңа геосаяси жағдайларда республиканың көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері жөніндегі кеңес қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.  Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз порттарын Каспий теңізінің жетекші тораптарының біріне айналдыруды тапсырды.

Құжат Ашық НҚА сайтында 27 сәуірге дейін талқылауға ұсынылған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments