Алматы облысында саяси аламанның басталғаны сол екен, өз үздіктерін таңдамаққа ағылған халықтың қарасы қалың.
Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округіндегі 548-і сайлау учаскесінде қазірдің өзінде 400-ге жуық тұрғын кандидаттарға дауыс берді. Жалпы аталған учаскеде 2126 сайлаушы тіркелген. Сондай-ақ 20 сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш білдірген.
«Бүгін таңғы сегізден бері жұмыс жасап жатырмыз. Біздің учаскеде 3 саяси бақылаушы өз жұмыстарын жалғастыруда. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Кешке дейін 80-90% сайлаушы өз даусын береді деген ойдамын. Негізі бұл учаскеде сайлаушылар 3 кандидатқа дауыс береді»,- дейді нөмірі 548-і сайлау учаскесінің төрағасы Мәлікжан Жамалбеков.