Понедельник, 25 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарБиыл Алматы облысына 850 млрд теңге инвестиция тартылуы мүмкін

Биыл Алматы облысына 850 млрд теңге инвестиция тартылуы мүмкін

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ерлан Қойшыбаев бүгінгі өткен брифингте айтты.

«2023 жылға негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша жоспарлы көрсеткіш 850,4 млрд. теңгені құрайды. Басқарма жоспарына сай, 2026 жылы облысқа тартылатын инвестиция көлемі 1 трлн-нан астам сомаға ұлғаюы керек», — деді Ерлан Қойшыбаев.

Спикердің айтуынша, инвестициялар көрсеткішіне қол жеткізу мақсатында 2030 жылға дейін 964 млрд. теңге сомасына 112 жобадан тұратын инвестициялық жобалар пулы жасалды. Оның ішінде, биыл 424,3 млрд. теңге сомасына 63 жобаны іске асыру жоспарланған.

Ерлан Қойшыбаев облыста орналасқан индустриялық аймақтарда құны 109,5 млрд теңге болатын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқанын да айтты.

«Облыс аумағында 4 индустриялық аймақтар бар. Олар Қайрат (198,3 га), Береке (293,4 га), Шелек (244 га) және Қазыбек бек (900 га). Қайрат және Береке индустриалық аймақтары іске қосылған, бүгінгі күні жұмыс атқарып тұр. Ал Шелек және Қазыбек бек аймақтарының құрылыс жұмыстарын жобалау жүргізіліп жатыр. Олардың қолдану мерзімі 25 жыл және тартылатын инвестиция көлемі 950 млрд теңгеден асады деп болжанып отыр», — деді спикер.

Сонымен қатар маман статистикалық деректерге сәйкес, Алматы облысына құйылған инвестициялар көлемі 2022 жылы 609,1 млрд.теңгені құрағанын, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 115,7%-ға артық екенін тілге тиек етті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments