Биыл Қазақстанда ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерін сайлауы өтеді. Бұл қазақстандықтар алғаш рет өз елдімекенінің басшысын таңдай алуға берілген мүмкіндік. Атап айтқанда, 2021 жылдан бастап алғаш рет аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауы өтпек.