Пятница, 10 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарБиыл Қонаев қаласында жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады

Биыл Қонаев қаласында жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады

Бұл туралы Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев Алматы облысының Өңірілік коммуникациялар алаңында мәлімдеді
Баспасөз маслихаты барысында барысында тілшілер Қонаевтағы жағалауларға кіруге әр көлікке 5000, адам басына 1500-2000 теңге алатын құтқарушысы жоқ нысандар мәселесін көтерді. Шаһар басшысының айтуынша, бұл түйіткіл қала әкімдігінің жіті бақылауында. Биыл бұл тұрғыда мемлекет меншігіне жағалаудағы 42 жер телімі қайтарылады.
«Бұрын соңда жағажайлардың көбі жекеменшікке өтіп кеткен. Қазіргі таңда жағалаудағы жер телімін мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жер иелеріне алдын ала 90 күн бұрын хабарлама берілді. Мемлекеттік акт шығып, құжаттары түгел болған соң, мәселе тек сот арқылы шешілмек. Бүгінде облыстық сот мамандары мен осыны талқыладық», – деді Нұрлан Орынбасарұлы
Бұдан бөлек, ойынханалар жағалай орналасқан Индустриальная көшесіндегі бос, пайдаланылмай жатқан жер телімдері де мемлекет меншігіне өтетінін жеткізді.
«Қазір қалада әлеуметтік, мемлекеттік орган нысандарын көптеп салу керек. Қалаға келуші, тұрақтап қалушы тұрғындар саны күннен күнге артып келеді. Ал жерді сатып алу үшін бір тиын да бөлініп отырған жоқ. Сондықтан жер иелерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді қала әкімі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments