Понедельник, 25 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарБылтыр Алматы облысындағы мекемелер 32 млн-нан астам теңгеге заң бұзушылықтар жасаған

Былтыр Алматы облысындағы мекемелер 32 млн-нан астам теңгеге заң бұзушылықтар жасаған

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Нариман Ботанов айтты.
«2022 жылы 126 аудиторлық іс-шара өтті. Онда жалпы сомасы 32 090 млн. теңгеге заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 21 872,8 млн. теңгені, құжатты рәсімдеудегі бұзушылықтар 10 217,2 млн. теңгені құрайды. Шаралар нәтижесінде 243,3 млн теңге өтелді», — деді департамент басшысы.
Сонымен қатар Нариман Ботанов 70 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.
«Былтыр мемлекеттік сатып алулар порталындағы 34 084 лот камералдық бақылауға алынды. Нәтижесінде 102,8 млрд. теңгеге 5517 заң бұзушылықтар анықталып, лот жариялағандарға құжатты ретке келтіру жөнінде хабарламалар жіберілді», — деді Нариман Ботанов.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments