Еліміздегі орын алған соңғы оқиғалар бәрімізге өте ауыр тиді. Президентіміздің дер кезінде қабылдаған шешімдерінің арқасында егемендігімізді сақтап қалдық. Жаппай тәртіпсіздікпен күрес кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері жанқиярлық танытып, ел тыныштығын күзетуде жан аямай қызмет етті.
Міне бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті мәжіліс отырысында жаңа Үкімет басшысын депутаттарға таныстырып. Алдыға қойылған жоспар мен атқарылуға тиіс шараларды шегелеп айтты.
Мемлекет басшысы Жалпы, контртеррористік операцияның негізгі фазасы аяқталғанына ерекше тоқталған, еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты екенін жеткізді.
Мәлімдемеде жастар да назардан тыс қалмады. «Үкіметке «Жастар іс-тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Халықтың әлеуметтік осал тобындағы жастардың іскерлік бастамаларын іске асыруға жағдай жасау маңызды. Үкіметке тиісті гранттардың мөлшерін 2 есе – 400 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту жүктеледі» — деді ел Президенті.
Сондай-ақ, ол мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтарды тартудың жаңа тәсілін ұсынып, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөзін тілге тиек етті.
Президент мәлімдемесінің соңында «Бұл шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік! Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» — деп өз сөзін қорытындылады.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Президентімізді барлық жағынан қолдау білдіруге шақырамын.
Біздің күшіміз бірлікте!
Балжан Досалы,
Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты