Отырысқа аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Әділбек Қамбарұлы төрағалық етті.
Күн тәртібінде түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген және ойын-сауық орындарында болған жасөспірімдерді анықтау бойынша жүргізілген рейдтік іс-шаралардың қорытындысы қаралды.
Аталған мәселе бойынша аудандық жергілікті ювеналдық полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Досымханов Мади Досымханұлы баяндама жасап, рейд барысында анықталған жасөспірімдер, қабылданған шаралар және заң талаптарының сақталу барысы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Отырыс барысында комиссия мүшелері тарапынан профилактикалық жұмыстарды күшейту, ата-аналармен түсіндіру шараларын жүйелі түрде жүргізу, сондай-ақ білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыстарды арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Комиссия қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы іс-шараларды жалғастыру және берілген тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауға алынды.

