Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарЕлімізде 1 шілдеден бастап 4 күндік жұмыс аптасы болады

Елімізде 1 шілдеден бастап 4 күндік жұмыс аптасы болады

«Еңбек кодексіне» өзгертулер енгізілді. Әзірге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар депутаттардың талқысында. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілердің айтуынша, 4 күндік жұмыс аптасы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы келісім арқылы белгіленеді. Мұндай уақытта жалақы қысқармайды. Негізі 5 күндік жұмыс кестесінінің жылдық нормасы — 1960 сағат. Ал аптасына 4 күн жұмыс кезінде де осы норма сақталады. Мәселен, бір апта 4 күн жұмыс істеген азамат, келесі аптада 6 күн қызметін атқарады. Десе де денсаулық және құқық қорғау салаларының қызметкерлеріне 4 күндік жұмыс аптасы бұйырмайтын сияқты. Өйткені олар ауысыммен жұмыс істейді. Сондықтан мұндай қызметкерлерге бір аптада 4 күн уақыт ғана қызмет ету тиімсіз дейді министрлік өкілдері. ШАЛҚАР ОРАЗБЕКОВ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы: – Еңбек кодексі ол белгілі бір салаларға бағытталмайды. Ол жалпыға ортақ. Жекелеген салалар бар, мәселен мүмкіндігі жоқ. Құқық қорғау саласы, денсаулық, мемлекеттік қызмет саласында. Ол кісілердікі ауысымдық жұмыс, 12 сағат. Мүмкіндігі болмаса, біз ол кісілерді міндеттей алмаймыз

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments