Понедельник, 20 мая, 2024
Басты бетUncategorizedЕл мерейін асқақтатқан жан

Ел мерейін асқақтатқан жан

Елімізде параспорт қарқынды даму үстінде. Паралимпиада ойындары – мүгедектерге арнал- ған халықаралық спорттық жарыс. Дəстүр бойынша басты олимпиада ойындарынан кейін өткізіледі. Осы орайда ел намысын қорғап, көк туымызды желбіретіп жүрген Ермек Жоламанов жайлы айтқымыз келеді. Ермек атамыз жасы жетпіске келсе де «Шынықсаң шымыр боласың» демекші, спорттан қол үзбеген жан. Қария зағип жан болса да ауданымыздың намысын спорттың əр түрінен қорғап, облыстық, республикалық додалардан жүлделі орындарға ие болып жүр. Нақтырақ айтар болсақ, қол күресінен өткен облыстық турнирде чемпион атанып, республикалық турнирге жолдама алды. Нəтижесі де жаман емес. Еліміздің əр өңірінен жиналған спортшылар арасында үздіктердің қатарынан көрініп, қанжығалы ІІІ орынды иеленді. Осындай еңбегінің жемісі болар, ақсақал 2019 жылы ҚР Спорт шеберлігіне үміткер атанды. Сондақ-ақ, жуырда Біріккен Араб Əмірлігінің Дубай қаласында өткен Азия чемпионатында жүлделі ІІІ орынды еншіледі.
Ақсақалдың айтуы бойынша спортқа бала күнінен бейім болған. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ ауданның көкпар құрама командасында ойнаған. 2003 жылдан бастап көзінің көру қабілеті нашарлаған. Тағдырдың бұл сынағына мойымаған Ермек Жоламанов əрі қарай парадзюдо, суға жүзу, ганбол, қол күресі, гір тасын көтеру сынды спорт түрлерімен шұғылданған. Осы орайда ақсақалдың қиындықтарға қарсы тұрып, өмір жолын жалғастыруына себепкер болып жүрген жұбайы Рымтай апайдың да үлесі зор екенін айта кеткен жөн. Ермек атамыз бен Рымтай апай үш қыз, бір ұл тəрбиелеп, солардан немере көріп отырған бақытты жандар. Мүмкіндігі шектеулі жан болса да, мүмкін емес нəрсе жоқ екенін дəлелдеп жүрген Ермек атамыздың деніне саулық, отбасына амандық тілей отырып,жасыңыз ұзақ болсын демекпіз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments