Пятница, 3 мая, 2024
Басты бетХабарландыруЕртең Алматыда жалпықалалық сейсможаттығу өтеді: ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

Ертең Алматыда жалпықалалық сейсможаттығу өтеді: ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

Ертең, бейсенбі сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтетін болады. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды сұраймыз.

Ведомство мәліметінше, бұндай сейсмикалық оқу-жаттығу жылына екі рет өткізіледі. Тоқсан сайын қалада сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілсе, биылдың өзінде 2,8 мыңнан астам сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді. «Алдағы жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындық жүргізілуде. Мәселен, ертеңнен бастап телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталады, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы ақпараттандырылып, ұсыныстар беріледі. Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі», — деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД өкілдері. Сонымен қатар жер сілкінісі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша жадынамалар тарата отырып, төтенше жағдайға байланысты дабыл дорбасы жасақтау бойынша оқыту тренингтері өткізілетін болады. Еске салайық, Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте күші 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим деп саналады.

«Сейсмология институтының болжам комиссиясының мәліметінше, жыл соңына дейін қалада 7 және одан да көп балдық жер сілкінісі күтілмейді. Сондықтан жүргізіліп жатқан қалалық сейсмикалық дайындық жер сілкінісін күтілуіне байланысты емес», — деді ведомстводан.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments