2021 жылдың 8 маусым күні Талдықорған қаласы қалалық демалыс жағажайында университетіміздің 3 курс білімгері Абдиев Ельдар суға түншығып жатқан 11 жасар жас баланы байқап, сыртқа шығарып алғашқы медициналық көмек көрсетті. Көмектің уақытылы көрсетілуіне байланысты баланың өміріне кері әсер қалдыратын зиян келген жоқ.
Абдиев Ельдар қазіргі уақытта демалыс кезінден қалалық су жағажайында құтқарушы болып жұмыс істейді. Алакөл ауданы Теректі ауылының тумасы. Айта кететін сәт, 2018 жылдың 30 мамыр күні Ельдар жаңып жатқан үйдегі өртті байқап 2 баланы құтқарған. Жасаған ерлігі бағаланып, 2018 жылы Алматы облысы әкімдігі тарапынан өтетін «Көшбасшы-2018» облыстық жастар сыйлығының «Жас батыр» номинациясының иегері атаңды.
Университетте волентерлік іс-шаралармен айналысып осы салада да көп жетістіктерге жете білді. 2018 жылы Ақтөбе қаласында «Жасыл ел» еңбек жасағының жабылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтің қолынан марапатқа ие болды.
Абдиев Ельдар оқу ордамызда «Жасыл ел» тобының жетекшісі, еріктілер штабының мүшесі, белсенді білімгер болып табылады. Өзінің ерлігімен, белсенділігімен басқа білімгерлерге үлгі болатын студенттің бірі.