Есірткі – бұл тек жеке адамның денсаулығына ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне деген үлкен қатер. Ол адам өмірін жойып, отбасын қиратып, ұрпақтың болашағына нұқсан келтіреді. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес – бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың парызы. Әркім заңды қатаң сақтап, салауатты өмір салтын таңдау арқылы өзінің және жақындарының болашағына қамқорлық жасайды. Бірге – есірткісіз, қауіпсіз қоғам үшін!


