Жыл сайын сәуір айында Еуропалық иммундау апталығы өтеді .
Апталықтың мақсатты адамдарды кез келген жаста аурудан қорғау үшін вакцина қолдануды насихаттауға бағытталған.
Вакцина жасына қарамастан халықтың барлығына қажет .
2026 жылғы 24-30 сәуір аралығында «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді» тақырыбында
өтетін Еуропалық иммундау апталығын өткізу жоспарлануда.
2026 жылғы иммундау апталығы «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді» Тақырыбымен , ұранымен өткізіледі және мынадай негізгі хабарлармаларға назар аударылады.
— «Әрбір вакцина маңызды»;
— « жоспарланған уақыты маңызды»;
— «Вакцинация туралы әңгімелеу»; туралы болмақ.
Науқанның басты мақсаты — өмір бойы толық иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру.
Иммундау жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді және әлемдегі ең табысты және үнемді Денсаулық сақтау шараларының бірі ретінде кеңінен танылады.
Вакцинаның уақтылы жүргізілмеуі көптеген жұқпалы аурулардың өршуіне алып келуі мүмкін. Жоспарлы вакцинациядан өтпеген балалар уақыт өте келе әртүрлі инфекцияларды жұқтыруы ықтимал . Балалар өздерінің жасына байланысты инфекцияларға өте сезімтал келеді .
Вакцинация жұқпалы аурулардың алдын алып , балалар өлімін төмендетуге ықпал ететін маңызды құрал.
Кейінге қалдырылған вакцина – денсаулыққа төнген қатер .
Бүгінгі таңда әр елде ұлттық иммундау бағдарламасы жүріп жатыр және вакциналар көптеген аурулардың алдын алудың ең қауіпсіз және тиімді шараларының бірі болып саналады. Бес онжылдықта ұлттық жоспарлы иммундау бағдарламалары дамыды және кеңейді, ал бүгінгі күні ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес, балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге кем дегенде 20 ауыр ауруға қарсы вакцинациялауды қамтамасыз етеді.
Егілген адам ауруды жұқтырғанның өзінде вакцина оны ауыр асқынулардан қорғайды.
Вакцинация барлық жастағы адамдар үшін маңызды.
2026 жылғы Еуропалық иммундау апталығының іс- шаралар жоспары аудан бойынша әзірленіп және мынадай міндеттерді іске асыруға бағытталып отыр :
— вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдардың денсаулығын ұжымдық иммунитет көмегі арқылы қорғау үшін вакциналар әрекет ететіні туралы хабардар болуды арттыру;
— жасөспірімдерге, ата-аналарған және денсаулық саласындағы
мамандарға вакцинациялау пайдасына иммундау жөніндегі дәлелді ақпарат
негізінде саналы таңдау жасау қажеттігі туралы еске салу және ғылыми
негізделген ақпаратты тарату;
— ата-аналарды олардың отбасы мүшелерінің, өздерін қорғау үшін де,
басқа адамдарды да қорғау үшін уақтылы иммундау өтудің, яғни жалпы
жауапкершіліктің маңыздылығы туралы хабардар ету;
— ұсынылған мерзімдерде профилактикалық екпелерді алмаған адамдарға толықтыра вакцинациялауды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүргізу;
Жұқпалы аурулардың белгілі бір түрлерінің алдын алудың жалғыз тиімді құралы-профилактикалық егулер жүргізу.
Инфекциялар кішкентай баланың өміріне қауіп төндірген кезде, біз бірінші кезекте медициналық көмекке жүгінеміз, ал вакцинация-бұл медициналық көмектің алғашқы алдын-алу шараларының бірі, инфекциялар мен олардың асқынуларынан қорғауға көмектесетін қарапайым медициналық процедура. Жұқпалы аурулардың таралуымен күресудің ең тиімді әдісі вакцинация болып табылады
Егер вакцинация туралы көкейде сауал көп болса дәрігермен кеңесу керек десеңіз . Дәрігер Сізге нақты , ғылыми негізделген ақпарат береді .
Аурулардың тізбесіне сәйкес профилактикалық егулер 21 жұқпалы ауруға қарсы, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 17 және жергілікті бюджет есебінен 4 жұқпалы ауруға қарсы егу жүргізіледі.
Қазақстанда вакцинация әр адамға қолжетімді.
2024 жылы ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне өзгерістер енгізілді 2024 жылы АПВ қарсы вакцина енгізілді және ВГА қарсы енгізілді .
Қазақстанда халықты вакцинациялау үшін мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен вакциналар пайдаланылады, бұл вакцинаның сапасын растайды. Балалар үшін ДДСҰ сертификатталған вакциналар қолданылады.
Құрметті ата-ана !
ЖАСЭББ аудан тұрғындарын профилактикалық егулер арқылы өзінің азаматтық борышын орындауға шақырады, соның нәтижесінде қоғамға жұқпалы аурулармен күресуге көмектеседі.
Сіздің балаларыңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда! Аурудың алдын алу Сіздің жауапкершілігіңіз.
Өз денсаулығыңызды сақтаңыз . Деніңіз сау болсын.
Жақындарыңызды қорғаңыз . Вакцина алыңыз.
Жамбыл аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау Басқармасы ның бас маманы : Сатова Мейраш



