Пятница, 3 мая, 2024
Басты бетUncategorizedЕуро-2024: Қазақстан сырт алаңда Данияға есе жіберді

Еуро-2024: Қазақстан сырт алаңда Данияға есе жіберді

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен H тобында төртінші орында тұр

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Копенгагенде өткен Еуро-2024 іріктеу матчында Данияға есе жіберді.

Қазақстан құрамасы Даниядан 1:3 есебімен ұтылды. Ойынның алғашқы таймында қарсыластар есепті 3:0-ге жеткізді. Қазақстан құрамасы ойынның екінші таймында бір гол соқты. Алайда бұл команданы жеңілістен сақтай алған жоқ. Бұл – Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі төртінші жеңілісі.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен H тобында төртінші орында тұр. Көш бастап тұрған Дания мен Словениядан үш және төрт ұпайы кем.

Келесі ойынды ұлттық құрама футболшылары 17 қазан күні Хельсинки қаласында Финляндияға қарсы өткізеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments