ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың болашағы – білімді ұрпақ, берекелі ауыл, саналы қоғам және ел дамуына үлес қосатын жауапты азаматтар. Туған жердің өркендеуі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, әрбір отбасының тұрмыс сапасын жақсарту, жас ұрпаққа жарқын болашақ қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Осы мақсатқа жету үшін ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық беріп, халықтың талап-тілегі мен ұсыныстарын ескере отырып, жүйелі жұмыс жүргізу қажет.
Менің пайымдауымша, ауылдың дамуы ең алдымен адамға жасалған жағдайдан көрінеді. Әрбір тұрғын сапалы ауыз сумен, тұрақты электр қуатымен, жөнделген жолдармен және қолжетімді әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту, жастардың білім алуына және өз қабілетін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау – уақыт талабынан туындаған маңызды міндеттер.
Білім беру саласын дамыту мен жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Өйткені бүгінгі оқушы – ертеңгі ел тірегі. Әрбір баланың сапалы білім алуына, қабілеті мен дарынын шыңдауына, шығармашылық және зияткерлік тұрғыдан дамуына жағдай жасау – қоғамның басты басымдықтарының бірі. Ұстаздардың еңбегін бағалау, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, балалардың қосымша білім алу мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жұмыстарды қолдау маңызды деп санаймын.
Депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алып, ауыл өміріндегі өзекті мәселелерді тиісті деңгейде көтеруге және олардың шешілуіне ықпал етуге күш саламын. Әсіресе білім беру, әлеуметтік қолдау, ауыл инфрақұрылымы, жастар саясаты, кәсіпкерлік пен жұмыспен қамту бағыттарындағы мәселелерге басымдық беремін. Әрбір бастаманың халық игілігіне бағытталуы және нақты нәтижеге жетуі – мен үшін басты өлшем.
Ауылдың өркендеуі тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, тұрғындардың белсенділігіне, ауызбіршілігі мен ортақ іске деген жанашырлығына да байланысты. Сондықтан халықтың бастамаларын қолдап, қоғамдық жұмыстарға қатысуына, туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуына ықпал етуді маңызды санаймын.
Мен үшін депутат болу – халықтың сеніміне ие болумен қатар, сол сенімді ақтау жолында аянбай еңбек ету. Тұрғындармен тұрақты байланыста болып, олардың мұң-мұқтажын тыңдау, көтерілген мәселелердің шешілуіне атсалысу және атқарылған жұмыстар үшін жауап беру – негізгі міндетім.
Ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағы – ортақ жауапкершілік. Халықпен бірлесе еңбек етіп, ауданымызды өмір сүруге қолайлы, мүмкіндігі мол, жастары білімді, тұрғындары ынтымақты әрі берекелі өңірге айналдыруға өз үлесімді қосу – басты мақсатым.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Менің басты ұстанымым – халыққа адал қызмет ету, әр тұрғынның пікіріне құрметпен қарау және әр ауылдың мәселесін назардан тыс қалдырмау. Әділдік, жауапкершілік, ашықтық пен адал еңбек – қоғамдық қызметтегі негізгі қағидаларым. Айтқан сөзіме берік болып, қабылдаған міндеттемелерімнің орындалуына бар күшімді жұмсауды азаматтық парызым деп білемін.
Халықпен ашық диалог орнатып, тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныстарын мұқият тыңдау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – маңызды міндеттердің бірі. Әрбір мәселенің мән-жайын зерделеп, оны шешудің тиімді жолдарын қарастыруға, қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға жеткізуге дайынмын.
Тұрғындардың сын-ескертпелерін орынды қабылдап, оларды жұмысты жетілдіруге бағытталған пікір ретінде бағалаймын. Себебі халықтың үнін есту, оның сенімін ақтау және ортақ мәселелерді бірлесе шешу – нәтижелі жұмыстың негізі.
«Ауыл – мемлекеттің негізі!»
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
ӨМІРБАЯНЫМ
Мен, Аманқұлова Маржан Ержанқызы, 1993 жылғы 22 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданының Қызыласкер ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Алматы облысы Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылында тұрамын. Туған жердің тыныс-тіршілігімен етене таныс болғандықтан, ауылдың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мәселелеріне бейжай қарай алмаймын.
2021 жылы Алматы гуманитарлық-экономикалық университетін «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдадым. Педагогикалық бағытты таңдауымның басты себебі – балалардың білім алуына, тәрбиесіне және болашағына үлес қосуға деген қызығушылығым.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Сарыбай би ауылының орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келемін. Ұстаздық қызметімде оқушыларға сапалы білім берумен қатар, олардың бойында адамгершілік, жауапкершілік, еңбекқорлық, ізденімпаздық және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлемін.
Бастауыш білім – баланың тұлға болып қалыптасуындағы маңызды кезең. Сондықтан әр оқушының жеке қабілетін ескеріп, білімге деген қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау қажет деп есептеймін. Оқушылардың сыни ойлауын, қарым-қатынас жасау және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға басымдық беремін.
Кәсіби қызметім барысында ұйымдастырушылық қабілетімді жетілдіріп, ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге, түрлі жағдайларды саралап, тиімді шешім қабылдауға машықтандым. Әрбір іске жауапкершілікпен қарап, алға қойған мақсатқа жүйелі түрде жетуді маңызды санаймын.
Ауылдың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру – мен үшін маңызды қоғамдық міндеттердің бірі. Білім беру сапасын жақсарту, балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау, жастардың бастамаларын қолдау, ауыл инфрақұрылымын дамыту және әлеуметтік мәселелердің шешілуіне атсалысу бағыттарын негізгі басымдықтарым деп білемін.
Қоғамдық жұмыстарда тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алуға, көтерілген мәселелерді тиісті орындарға жеткізіп, шешілуіне ықпал етуге күш саламын.
Мен үшін депутаттық қызметтің басты нәтижесі – халықтың сенімі, ел игілігі үшін атқарылған нақты жұмыс және тұрғындардың өмір сапасының жақсаруы. Туған жердің дамуына үлес қосу – үлкен жауапкершілік әрі азаматтық парыз.
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР
Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелерін тыңдау. Әрбір ауылдың әлеуметтік жағдайын зерделеп, халықты толғандырған мәселелерді назарға алу және оларды шешу жолдарын қарастыру.
Азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарын тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, заң аясында қаралуына және оң шешімін табуына ықпал ету. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау.
Сайлауалды бағдарламада белгіленген міндеттердің орындалу барысын жүйелі бақылап, атқарылған жұмыстар туралы халыққа тұрақты ақпарат беру. Қоғамдық бақылауды дамытуға, мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтуға атсалысу.
Депутаттық қызметтің ашықтығын қамтамасыз етіп, халық алдында есеп беру мәдениетін қалыптастыру. Тұрғындардың сенімін ақтау мақсатында әрбір көтерілген мәселенің шешілу барысына жауапкершілікпен қарау.
2. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ
Ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдап, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасауға ықпал ету. «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашуына, ауыл шаруашылығы мен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуына қолдау көрсету.
Жастар мен әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына, жеке ісін бастауына және мемлекеттік қолдау бағдарламаларын тиімді пайдалануына жәрдемдесу. Кәсіп ашуға ниетті азаматтарға қолжетімді қаржыландыру, гранттар мен жеңілдетілген несиелер туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал ету.
Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, шағын өндіріс және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлік жобалардың дамуын қолдау. Жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларын көтеріп, ауылға инвестиция тартуға бағытталған жобалардың жүзеге асуына атсалысу.
Жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру. Әсіресе жастардың туған жерінде еңбек етіп, кәсіби дамуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдау.
3. ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР
Ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың күнделікті тұрмыс жағдайын жақсартуға басымдық беру. Елді мекендерді сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету, су жүйелерінің жағдайын жақсарту және тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешілуіне ықпал ету.
Электр желілерінің жағдайын жақсарту, электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету және ескірген желілерді жаңарту мәселелерін көтеру. Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіру және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарын қолдау.
Қоғамдық көлік бағыттарының қолжетімділігін арттыру, аялдамалардың қауіпсіздігі мен жағдайын жақсарту, тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасау мәселелерін назарда ұстау.
Ауыл тұрғындарының медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және қажетті мамандармен қамтамасыз етуге ықпал ету.
4. БІЛІМ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Білім беру сапасын арттыру және балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру – негізгі басымдықтарымның бірі. Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу кабинеттерін заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін көтеру.
Мектеп ғимараттарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуін бақылауға, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік пен санитарлық талаптардың сақталуына ықпал ету.
Балалардың сапалы білім алуына, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуына, қосымша білім беру үйірмелеріне қатысуына мүмкіндік жасау. Оқушылардың пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, түрлі байқаулар мен спорттық жарыстарға қатысуын қолдау.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін арттыру, балабақшалардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту және балаларға арналған қосымша білім беру орталықтары мен үйірмелердің дамуына ықпал ету.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндік жасау, олардың білім беру ұйымдарында кедергісіз ортада оқуына жағдай туғызу және логопед, дефектолог, педагог-психолог секілді қажетті мамандармен қамтамасыз ету мәселелерін көтеру.
Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыруына, тәжірибе алмасуына және жаңа педагогикалық әдістерді меңгеруіне қолдау көрсету. Педагог еңбегінің қоғамдағы маңызын арттыруға және мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған бастамаларды қолдау.
5. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ
Ауыл жастарының сапалы білім алуына, кәсіби дамуына, шығармашылықпен айналысуына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына қолдау көрсету. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қабілеті мен бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жобаларды дамытуға атсалысу.
Ауылдық жерлердегі мәдени іс-шаралардың мазмұнын байыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді сақтау және жергілікті өнерпаздардың шығармашылығын насихаттау бағытындағы жұмыстарды қолдау.
Балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапханалардың жұмысын жандандыру, әдеби кездесулер, зияткерлік сайыстар мен шығармашылық байқаулар өткізуге ықпал ету.
Жастардың еріктілік қозғалысын, қоғамдық және әлеуметтік бастамаларын қолдап, олардың туған жерді дамытуға бағытталған жобаларға қатысуына жағдай жасау.
Балалар мен жасөспірімдердің спортпен жүйелі айналысуына, спорт секцияларының қолжетімді болуына және бұқаралық спорттың дамуына атсалысу. Салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық жарыстар мен сауықтыру шараларын ұйымдастыруды қолдау.
6. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ
Ауылдардың санитарлық тазалығын сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру, жасыл желектерді көбейту және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарға атсалысу.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында елді мекендерді тазарту, ағаш отырғызу, көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қоғамдық іс-шараларды қолдау.
Самсы өзенінің жағалауын тазарту, су айдындарының экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындар үшін қауіпсіз демалыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды тиісті органдарға жеткізу.
Қоқыс жинау және шығару қызметінің сапасын жақсарту, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау мәселесінің алдын алу және елді мекендерде тазалық талаптарының сақталуына ықпал ету.
Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, балалар мен жастарды табиғатты қорғау шараларына тарту, туған жердің табиғи байлығын сақтау мен қорғаудың маңызын насихаттау.
7. ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС
Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдау, әрбір ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, халықты толғандырған мәселелерді зерделеу. Тұрғындармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, олардың пікірін депутаттық қызметте басшылыққа алу.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, білім беру, денсаулық сақтау және тұрмыс жағдайына қатысты өтініштерін тиісті мекемелерге жеткізіп, шешілуіне ықпал ету.
Әлеуметтік осал топтардың, көпбалалы отбасылардың, қарттардың және ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың мәселелеріне назар аударып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға атсалысу.
Тұрғындармен кері байланысты нығайтып, көтерілген мәселелердің орындалу барысын бақылау. Депутаттық қызмет аясында атқарылған жұмыстар туралы халық алдында ашық есеп беріп, тұрғындардың сенімін ақтауға күш салу.
Сенімдеріңіз – маған аманат! Жауапкершілігім – ел алдындағы міндет! Мақсатым – туған жердің өркендеуі!
Әрбір атқарылған іс ел игілігіне бағытталып, әрбір бастама халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Мен үшін туған жердің дамуына үлес қосу – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Халықпен бірге болып, елдің мұң-мұқтажын тыңдап, ортақ мәселелерді шешу жолында аянбай еңбек етуге дайынмын.
Бірлігіміз бекем, еңбегіміз берекелі болсын! Ел сенімі – ең үлкен аманат!
Үгіт материалды шығарған ұйым: «Жамбыл Атамекен» ЖШС, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы. Тапсырыс беруші: Аманкулов Маржан Ержанқызы Жамбыл ауданының мәслихат депутаттығына кандидат. Материалдар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды.



