«Ауыл – мемлекеттің негізі!»
Мен, Керембекова Акерке, 1994 жылғы 12 қыркүйекте Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Ақсу ауданы, Қапал ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында тұрамын.
2016 жылы Алматы технологиялық университетін «Тағамдық биотехнология» мамандығы бойынша тәмамдадым. 2019 жылы «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-да көлік инфрақұрылымы нысандарында тексеру жүргізу бағыты бойынша біліктілікті арттыру курсынан өттім.
Еңбек жолымды 2013 жылы бастап, осы уақыт аралығында түрлі салада тәжірибе жинақтадым. Әр жылдары қабылдау бөлімінің қызметкері, азық-түлік емес тауарлар бойынша сатушы-кеңесші, менеджер көмекшісі, «Рахат» АҚ-да өнімді қаптаушы, «ВЖДО» АҚ және «Жан-М» ЖШС-де тексеру инспекторы, «Банк ЦентрКредит» АҚ-да байланыс орталығының операторы, «Galanz Bottlers» АҚ-да ауысымдық зертханашы және «Өркен» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші көмекшісі қызметтерін атқардым.
2024 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясының азаматтарды қабылдау бөлімінде кеңесші қызметін атқарып келемін. Бұл қызмет азаматтармен тікелей жұмыс істеуге, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдауға, көтерілген мәселелерді зерделеп, тиісті сала мамандарымен байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Халықпен күнделікті қарым-қатынас жасау барысында әрбір өтініштің артында нақты адамның тағдыры мен отбасының мәселесі тұрғанын түсіндім. Сондықтан азаматтардың мұң-мұқтажына бейжай қарамай, әрбір мәселені жауапкершілікпен қарастыруды маңызды міндетім деп санаймын.
Әртүрлі салада еңбек ету барысында жауапкершілік, ұқыптылық, тәртіп, адамдармен тіл табыса білу және күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырдым. Көлік инфрақұрылымы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зертханалық бақылау, банк қызметі, халыққа қызмет көрсету және азаматтарды қабылдау бағыттарындағы тәжірибем кез келген жұмысты жүйелі ұйымдастыруға, ақпаратты саралауға және тапсырылған міндеттерді уақытылы орындауға үйретті.
Қызметімде азаматтармен тиімді қарым-қатынас орнатуға, олардың өтініштерін мұқият тыңдауға және көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруға басымдық беремін. Әрбір азаматтың пікірі мен ұсынысы қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтауға және оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынуға негіз бола алады деп есептеймін.
Ауданның дамуы ең алдымен тұрғындардың күнделікті тұрмысындағы мәселелерді шешуден, халықпен ашық байланыс орнатудан және әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған нақты жұмыстардан басталады. Әр ауылдың өзіндік қажеттілігі мен шешімін күткен мәселелері бар. Сондықтан елді мекендердің дамуына бірдей назар аударып, тұрғындардың ұсыныстарын жергілікті деңгейде көтеру маңызды.
Мен үшін туған жердің өркендеуіне үлес қосу, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін назардан тыс қалдырмау, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне атсалысу және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту – басты азаматтық міндеттердің бірі.
Қоғамдық қызметімде азаматтардың өтініштерін қарауға, халықпен тұрақты байланыс орнатуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындардың мәселелерін көтеруге, жастар мен әйелдердің бастамаларын қолдауға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға басымдық беремін. Сонымен қатар ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жобалардың жүзеге асуына ықпал етуді мақсат етемін.
Мен үшін депутаттық қызмет – тек міндеттер мен өкілеттіктер жиынтығы емес, ең алдымен халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Тұрғындардың сенімін ақтау үшін олардың мәселесін тыңдап қана қоймай, шешілуіне ықпал ету, атқарылған жұмысқа есеп беру және әрбір бастаманың нәтижесіне мүдделі болу қажет.
Мен үшін депутаттық қызметтің басты нәтижесі – халықтың сенімі, нақты атқарылған жұмыстар, тұрғындардың әл-ауқатының артуы және туған өлкеміздің тұрақты дамуы.
ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың болашағы – білімді ұрпақ, саналы қоғам және ел дамуына үлес қосатын жауапты азаматтар. Әрбір баланың сапалы білім алып, қабілетін шыңдауына мүмкіндік жасау, ұстаз мәртебесін көтеру, жастардың әлеуетін дамыту және ауылдардың өркендеуіне жағдай туғызу – баршамызға ортақ міндет.
Ауданның әрбір ауылы назардан тыс қалмай, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Сапалы жол, таза ауызсу, қолжетімді медициналық және әлеуметтік қызмет, тұрақты жұмыс орындары, абаттандырылған орта мен жастарға арналған мүмкіндіктер – өңір дамуының маңызды көрсеткіштері.
Депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алып, білім, тәрбие, әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлік және инфрақұрылым салаларындағы өзекті мәселелерді тиісті деңгейде көтеруге, олардың шешілуіне ықпал етуге күш саламын. Қабылданған міндеттемелердің нақты нәтижеге айналуы мен үшін басты жауапкершілік болмақ.
Ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағы – ортақ міндет. Халықпен бірлесе еңбек етіп, ауданымызды білімді ұрпақ өсетін, еңбек етуге және өмір сүруге қолайлы, әрбір тұрғынның мүмкіндігі мен мүддесі ескерілетін, келешекке сеніммен қарайтын мекенге айналдыруға үлес қосу – басты мақсатым.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр тұрғынға әділ қарау, әр ауылдың жағдайы мен қажеттілігін ескеру, адал еңбекті қадірлеу және жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарау – негізгі ұстанымдарым. Айтқан сөзіме берік болып, әрбір бастаманың нақты іске айналуына күш саламын.
Халықпен ашық диалог орнатып, тұрғындардың мұң-мұқтажы мен ұсыныстарына бейжай қарамауды азаматтық парызым деп білемін. Әсіресе әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың, көпбалалы отбасылардың, жастар мен әйелдердің мәселелеріне назар аударуды маңызды санаймын.
Айтар тілектеріңізге, ұсыныстарыңыз бен сын-ескертпелеріңізге әрдайым құлақ асамын. Әрқайсыңызды мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің мән-жайын зерделеп, шешімін табу үшін тиісті органдармен бірлесе жұмыс істеуге дайынмын.
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР
Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өзекті мәселелерін тыңдау, азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарын назарға алып, шешілуіне ықпал ету.
Қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып, тұрғындарға өзекті мәселелер бойынша кеңес беру, өтініштерді тиісті мемлекеттік органдарға жолдап, олардың қаралу барысын бақылау.
Жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара байланыс орнатып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге атсалысу.
Сайлауалды бағдарламаның орындалуын жүйелі түрде бақылап, қабылданған міндеттемелердің жүзеге асырылу барысы туралы тұрғындарға ашық ақпарат беру.
Мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпараттың халыққа қолжетімді болуына ықпал ету, тұрғындардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.
Азаматтардың өтініштерін қарау кезінде ашықтық пен әділдік қағидаттарын ұстанып, әрбір мәселенің назардан тыс қалмауына күш салу.
2. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруына, жеңілдетілген несие мен мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін пайдалануына ықпал ету.
Жастар мен әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына, жеке кәсібін ашуына және оны дамытуына қолдау көрсету. Олардың бизнес-жоспар әзірлеу, гранттар мен жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндіктері туралы ақпарат алуына атсалысу.
Ауыл шаруашылығы, мал және егін шаруашылығы, шағын өндіріс пен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобаларды қолдау.
Ауылдағы шағын және орта бизнестің дамуына, жергілікті өнім өндірушілердің қызметін кеңейтуіне және кәсіпкерлердің өзара ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ету.
Жаңа жұмыс орындарын ашуға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және ауыл тұрғындарының тұрақты табыс көздерін қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау.
Жұмыс іздеуші азаматтардың жұмыспен қамту бағдарламалары, кәсіби даярлау және қайта даярлау курстары туралы ақпарат алуына ықпал ету.
Ауыл жастарының еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне, кәсіби бағдар алуына және тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін жобаларды қолдау.
3. ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР
Ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз ету, су құбырларының жағдайын жақсарту және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін көтеру.
Электр желілерінің техникалық жағдайын жақсарту, электрмен жабдықтаудағы үзілістерді азайту және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын салу және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарын қолдау.
Мектептер мен әлеуметтік нысандар маңындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қажетті жол белгілерін, жаяу жүргіншілер өткелдерін және қауіпсіздік құралдарын орнату мәселелерін көтеру.
Қоғамдық көлік бағыттары мен аялдамалардың қолжетімділігі мен қауіпсіздігін жақсарту, ауыл тұрғындарының аудан орталығына және өзге де елді мекендерге қатынау мүмкіндігін кеңейтуге ықпал ету.
Балалар ойын алаңдарын, спорт нысандары мен демалыс орындарын салу және жаңарту жөніндегі бастамаларды қолдау.
Ауылдағы әлеуметтік нысандардың, соның ішінде мектеп, балабақша, медициналық пункт және мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелерін назарда ұстау.
Елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту, қоғамдық кеңістіктерді тиімді пайдалану және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жобаларды қолдау.
4. БІЛІМ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқу кабинеттерін жаңартуға және заманауи білім беру құралдарымен жабдықтауға ықпал ету.
Білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын, мектеп ғимараттарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылау мәселелерін көтеру.
Балалардың сапалы білім алуына, олардың қабілеті мен қызығушылығына қарай дамуына және шығармашылық әлеуетін ашуына қолайлы жағдай жасауға атсалысу.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қолжетімділігін арттыру, балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу жөніндегі ұсыныстарды қолдау.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін қосымша білім беру орталықтары мен үйірмелердің жұмысын дамытуға, спорттық және шығармашылық секциялардың қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.
Оқушылардың зияткерлік, шығармашылық және ғылыми-техникалық қабілеттерін дамытуға бағытталған олимпиадалар, байқаулар мен танымдық жобаларды қолдау.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы орта қалыптастыру, оларды қажетті мамандармен қамтамасыз ету және инклюзивті білім беру сапасын арттыру мәселелерін көтеру.
Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы тәрбие мен отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытындағы бастамаларды қолдау.
Ұстаздардың кәсіби дамуына, білім беру саласындағы озық тәжірибелердің таралуына және педагог мәртебесінің артуына бағытталған ұсыныстарды қолдау.
5. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ
Ауыл жастарының білім алуына, кәсіби бағдарлануына, шығармашылықпен айналысуына және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына қолдау көрсету.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың спорттық, мәдени және танымдық іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту.
Жастардың еріктілік, қайырымдылық және қоғамдық бастамаларын қолдап, олардың туған жердің дамуына үлес қосуына жағдай жасауға атсалысу.
Жастар арасында кәсіптік бағдар беру, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған жобаларды қолдау.
Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру, олардың білім алуына, кәсіпкерлікпен айналысуына және қоғамдық бастамаларға қатысуына мүмкіндік беретін жобаларды қолдау.
Ауылдағы мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыруға, кітапханалардың материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға және мәдени іс-шаралардың мазмұнын байытуға ықпал ету.
Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді, ана тілі мен тарихи мұраны насихаттайтын жобаларды қолдау.
Жергілікті өнерпаздар мен шығармашыл жастардың қабілетін танытуға мүмкіндік беретін мәдени алаңдарды дамытуға атсалысу.
Балалар мен жасөспірімдердің спорт секцияларына қатысуына, бұқаралық спортты дамытуға және спорт алаңдарының қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.
6. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ
Ауылдың санитарлық тазалығын сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру, көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстарын қолдау.
Самсы өзенінің жағалауын тазарту және қауіпсіз демалыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды іске асыруға ықпал ету.
Қоқыс жинау және шығару қызметінің сапасын жақсарту, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау және заңсыз қоқыс орындарының алдын алу мәселелерін көтеру.
Ауыл аумағындағы су көздерін, жасыл желектерді және табиғи аумақтарды қорғауға бағытталған шараларды қолдау.
Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сенбіліктер мен тазалық акцияларын тұрақты өткізуге атсалысу.
Балалар мен жастардың табиғатты қорғау бастамаларына қатысуын қолдап, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында ауыл тұрғындарының табиғатты қорғау және қоршаған ортаны таза ұстау бағытындағы белсенділігін арттыруға ықпал ету.
7. ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әлеуметтік мәселелерін шешуге және мемлекеттік қолдау шараларын алуына жәрдемдесу.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетуге бағытталған бастамаларды қолдау.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың мемлекеттік бағдарламалар мен тиісті қолдау шаралары туралы ақпарат алуына ықпал ету.
Әйелдер мен жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, олардың ұсыныстары мен бастамаларын жергілікті деңгейде қолдауға атсалысу.
Ауылдағы денсаулық сақтау қызметінің сапасын арттыру, медициналық пункттердің қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі және тұрғындардың медициналық көмекке қолжетімділігі мәселелерін көтеру.
Қарт адамдарға құрмет көрсету, ардагерлердің өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған шараларды қолдау.
Халықпен кері байланысты нығайтып, көтерілген мәселелердің орындалу барысын бақылау. Атқарылған жұмыстар бойынша тұрғындар алдында ашық есеп беріп, депутаттық қызметтің жариялылығы мен жауапкершілігін қамтамасыз ету.
Сіздердің қолдауларыңыз маған күш, сенімдеріңіз маған үлкен жауапкершілік жүктейді! Халықтың үмітін ақтау – мен үшін үлкен мәртебе әрі абыройлы міндет. Әрбір тұрғынның пікірі мен ұсынысын ескеріп, ел игілігіне бағытталған бастамалардың жүзеге асуына бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Туған жердің өркендеуі, ауыл тұрғындарының әл-ауқатының артуы, балаларымыздың жарқын болашағы мен қоғамдағы өзара сенімнің нығаюы – ортақ мақсатымыз. Халықпен бірге атқарылған адал еңбек қана нақты нәтижеге жеткізеді деп сенемін.
Ел сенімі – ең үлкен аманат!