Понедельник, 10 августа, 2026
Басты бетЖаңалықтарЖамбыл ауданында медицина саласының өзекті мәселелері талқыланды

Жамбыл ауданында медицина саласының өзекті мәселелері талқыланды

Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы орталық ауруханада медицина қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиын барысында дәрігерлер мен орта буын мамандарының еңбек жағдайы, кадр тапшылығы және ауылдық жерлерге білікті мамандарды тарту мәселелері кеңінен сөз болды.

Кездесуде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасын арттыру, медицина қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау, сондай-ақ өңірлердегі кадр жетіспеушілігін азайту жолдары талқыланды. Мамандарға лайықты еңбекақы төлеу, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету, қызметтік баспана беру және ынталандыру тетіктерін жетілдіру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, тапшы медициналық мамандықтар бойынша кадр даярлау ісін күшейтіп, мемлекеттік тапсырысты өңірлердің нақты сұранысына сай қалыптастыру мәселесі көтерілді. Заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу, жас мамандардың клиникалық тәжірибесін арттыру және тәлімгерлік жүйені дамыту бағыттары да назардан тыс қалмады.

Жиын барысында медицина қызметкерлері өз саласына қатысты ұсыныстарын білдіріп, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған пікірлерін ортаға салды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments